Суббота, 4 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жаңа Конституцияның күшіне енуі аясында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Zhuzbai by Zhuzbai
01.07.2026
in Саясат
0
ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
0
БӨЛІСУЛЕР
0
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото:Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мәжілістен кейін осы және өзге де мәселелерге орай бағыт-бағдар белгіленіп, жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.
​«Жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттар мемлекеттік биліктің барлық тармағының қызметіне тың серпін береді. Мемлекеттік басқарудың басты өлшемі халыққа адал қызмет ету, заң талаптарын мүлтіксіз сақтау болуы тиіс.
Жаңа саяси кезең бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Біздің міндетіміз – жаңа Конституцияның қағидаттарын халықтың күнделікті өмірінде нақты нәтиже беретін тиімді мемлекеттік саясатқа айналдыру. Сыр өңірінде де жаңа саяси реформалардың талаптарына сәйкес кешенді жұмыстар жүргізілуі қажет», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Күні кеше Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің жаңа кезеңіне арналған тапсырмалар жүктегені белгілі. Мәжілісте барлық сала басшылары осы міндеттерді орындауда атқарылатын істердің басты бағдары туралы баяндады.
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев Мемлекет басшысының Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыру тапсырмасы өңірдің құрылыс саласының одан әрі өркендеуіне оң әсерін тигізетінін атап өтті. Бұл халыққа қажетті жаңа нысандардың бой көтеруіне, өндірістер мен кәсіпорындар санының көбеюіне, экономиканың дамуына ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Еске салсақ, 2022 жылы құрылыс саласына мемлекеттік бюджет есебінен 24,3 млрд. теңге, 2025 жылы 138,3 млрд. теңге бөлініп, қаржы көлемі 6 есе өскен. Жалпы осы жылдар аралығында 272 әлеуметтік нысан және 1016 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Биыл жыл соңына дейін табысталатын 3 685 пәтер 15 мыңға жуық тұрғынның баспана мәселесін шешеді.
Облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов Мемлекет басшысы, Үкімет, облыс әкімдігі белгілеген бағыттарды іске асыруда мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімге дейінгі барлық деңгейде сапаны арттыруға басымдық берілетінін атап өтті.
Негізгі міндет – оқу жетістіктерін халықаралық талаптарға сәйкестендіру, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, пәндік біліммен қатар функционалдық сауаттылықты дамыту.
Биылғы оқу жылында облыста 29 оқушы халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанса, 143 шәкірт республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауында үздіктер қатарынан көрінді. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындысымен облыс командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясын иеленді. Ерекше атап өту қажет, Қызылорда облысы жыл сайын республикада алдыңғы үштіктен көрініп келеді.
Басқарма басшысы цифрлық трансформацияны жеделдету, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығының сұранысына бейімдеу, тәрбие жұмысын жаңа мазмұнда күшейту үшін атқарылатын жұмыс бағытына да тоқталды.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мөлдір Тәуіпбаева кейінгі төрт жылда өңір экономикасына 2,4 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылғанын атап өтті. Жүзеге асқан 72 индустриялық жобаның құны 400 млрд теңгеден асады. Бұл өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 38%-ға жеткізіп, 2022 жылмен салыстырғанда аймақтың шикізатқа тәуелділігін 12,4%-ға төмендетті.
Алдағы үш жылда 1,9 трлн. теңгеге 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылады. Бүгінде 14 ірі жоба, оның ішінде 4 жобаның құрылысы жүргізілуде және 2-еуінің капсуласы салынды. Жыл соңына дейін тағы 8 жобаның құрылысы басталады, 100 млрд. теңгенің 21 жобасы жоспарланған.
Мәжілісте баяндама жасаған барлық басқарма басшылары өздері жетекшілік ететін салалардағы негізгі көрсеткіштерді, алдағы жоспарларды жан-жақты талдады.
Осы жиында алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселесі қаралды. Облыс әкімі бұл жұмыстар Мемлекет басшысының, Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап өтіп, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеді.
«Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясына электр желілерінің техникалық жай-күйін кешенді зерделеу, материалдық-техникалық дайындықты күшейту және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жетілдіру тапсырылды. Барлық жылу көзіндегі резервтік электр станцияларының тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Алдағы жылу беру маусымына қажетті көмір қорын алдын ала жасақтау керек. Осыған байланысты қала және аудан әкімдеріне операторлармен, «Қазақстан Темір Жолы» компаниясымен өзара үйлесімді жұмысты ұйымдастырып, тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету тапсырылды.
Бұдан бөлек, қала және аудан әкімдері кейінгі жылдары пайдалануға берілген әлеуметтік нысандардың, тұрғын үйлердің, автомобиль жолдары мен жол белгілерінің жай-күйін, аудан орталықтарының санитарлық тазалығын тұрақты бақылауда ұстауы, жүйелі мониторинг жүргізуі тиіс.
Алдағы жылу беру маусымына дайындыққа 5,5 млрд.теңге қаржы бөлу жоспарланған, оның 3,6 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, 1,5 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен, 350 млн. теңгесі ҚЖЭО-ның өз қаржысы есебінен. Оған 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасын аяқтау, №1 және 2 газтурбиналық қондырғыны күрделі жөндеу, 1,3 шақырым жылу желісін, 1 қазандықты, 1 турбина және 10 автономдық қазандықты, негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу жоспарланған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Акса Энерджи» түрік компаниясы жаңа жылу электр орталығын салды. Бүгінде орталық іске қосылып, жобада қаралған электр энергиясын өндіруде. Алдағы жылу беру маусымында толық іске қосылып, тұрғындарды үздіксіз, сапалы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Облысқа жылу беру маусымында 80 мың тонна көмір керек. Оның 68,3 мың тоннасы тұрғындар, 11,7 мың тоннасы әлеуметтік нысандар қажеттілігі. Кестеге сәйкес қор жасақталуда.Өңірдегі электр желілері мен қондырғыларының тозу деңгейі 60,8%,
биыл қайта жаңғыртуға 10,5 млрд.теңге қаржы жоспарланған.
Бұл жұмыстардан кейін тозған желілер 59 пайызға азаяды. Жалпы алдағы жылу беру маусымына дайындық тұрақты бақылауда.
Previous Post

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ – 2026» ӨҢІРЛІК КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Next Post

Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі

Next Post
Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі

Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы Astana Hub INNO.Fest Qyzylorda «СЫР СУЫ» ФИЛИАЛЫ Абай Сейфуллаұлы Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ана-әлемнің бесігі Ардақ Зебешев Ардақ Темірханұлы Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Дастан Мұхамедрахым Джо Хаттабқа (HATAB JEHAD JAMAL TAWFIQ) Жанерке Жақсылық Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Марат Дүйсенбаев Мағжан Мәдиев Мақсұт Нәлібаев Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұржан Ахатов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Таза Қазақстан Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы Шиелі Қайрат Нұртай Қайсар Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы Әмиша Ержан Шынтемірұлы өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ
  • ҚЫЗАНАҚ ПАСТАСЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ҒАЛЫМЖАН ЖАРҚЫНБЕК ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.