Среда, 7 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қызылордада «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағы ашылды

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
17.10.2025
in Әлеумет, Ақпарат
0
Қызылордада «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағы ашылды
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің шағын өнеркәсіптік аймағының ашылу рәсімі өтті. Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына және қала күніне арналған салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы өнеркәсіп саласының қазіргі бағыт-бағдары туралы айтып, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
– Үкіметтің шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында қолға алған бастамаларының бірі – шағын өнеркәсіптік аймақтар құру. Бұл жұмыс өңірімізде сәтті жүзеге асырылып, 1 млрд. 52 млн. теңгеге екі шағын өнеркәсіптік аймақ салынуда. Бүгін соның алғашқысы «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің бастамасымен салынған тамақ өнеркәсібі бағытындағы өнеркәсіптік аймақ кәсіпкерлер игілігіне берілмек. Жоба құны 526 млн. теңге, мұнда 8 өндірістік цех іске қосылып, азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар шоғырланған. Кәсіпорындарда 50-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тұрмыс-тіршілікке қажетті тауарлар өндіруде. Кәсіпкерлерге өз жұмысын бастауға «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жылдық 3 пайызбен 157 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді. Бұл – кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шаралардың нақты көрінісі. Баршаңызды облысымыз үшін әлеуметтік-экономикалық тиімді жоба – «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл нысандар халықты сапалы жергілікті өніммен қамтамасыз етуге, шағын кәсіпкерліктің дамуына, салық базасының ұлғаюына елеулі үлес қосады деп сенеміз. Жобаны жүзеге асыруға атсалысқан инвесторларға, құрылысшыларға, барлық серіктес ұйымдарға алғыс білдіреміз. Жаңа нысандардың жұмысы табысты, өндірісі берекелі болсын! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағының құрылысына үлес қосқан қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, қоғам қайраткері Нажмадин Мұсабаев жиналған қауымды құттықтады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

«Қызылорданың астаналық кезеңі: тарих пен тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Next Post

Оқушыны мектеп әжетханасында ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады

Next Post
Оқушыны мектеп әжетханасында ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады

Оқушыны мектеп әжетханасында ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды
  • Азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда
  • Қызылордада заманауи жиһаз фабрикасы ашылды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.