Четверг, 30 апреля, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫНА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде экономика салаларына жасанды интеллектіні енгізу мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Zhuzbai by Zhuzbai
29.04.2026
in Экономика
0
ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫНА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
0
БӨЛІСУЛЕР
0
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото:Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Үкімет отырысынан кейін осы және өзге де мәселелер талқыланды.
«Мемлекеттік қызметкерлердің жасанды интеллект дағдылары бойынша 100% оқудан өтуін бақылау керек. Денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу қарқынын жеделдетіңіздер. Жасанды интеллект көмегімен инсульттің алдын алуда нәтиже көрсеткен «Церебра» жобасын өңірімізде енгізу үшін зерделенген нақты ұсыныс беріңіздер.
Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуда тәулік бойы жұмыс жүргізіп, рейдтік шараларды күшейту қажет. Интернет алаяқтықпен күресіп, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, тұрақты мониторинг жүргізу керек», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Бұдан бөлек, аймақ басшысы инвестициялық жобаларды, бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын, жол бойындағы нысандар мен жол белгілерінің жай-күйін бақылау, тазалықты күнделікті қадағалауды тапсырды.
Өңірде 2023 жылдан бері Қорқыт Ата университеті базасында Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен бірлесіп ашылған Жасанды интеллект институты жұмыс істейді. Онда 240 студент білім алады, түлектер өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салаларына жасанды интеллектіні енгізумен айналысады.
Қоғамдық қауіпсіздікті арттыруда 7 аудан орталығы мен Байқоңыр қаласында 616 бейнекамера, 54 жылдамдық өлшегіш орнатылған, облыс орталығында 1400 камера, 80 «зияткерлік қиылыс», 96 стационарлық құрылғы бар.
Биыл сәуір айынан бастап өңірлер арасында алғашқы болып 10 «Сұңқар» құрылғысы іске қосылды. Оның көмегімен қауіпсіздік белдігінің тағылмауы, жүргізушінің ұялы телефонмен сөйлесуі автоматты режимде анықталады. «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, қолданыстағы бейнебақылау камераларын Ұлттық бейнебақылау жүйесіне қосу жоспарлануда.
Бас прокуратураның бастамасымен қолға алынған «Цифрлық қадағалау» пилоттық жобасы елімізде бірінші болып Қызылорда облысынан бастау алды. Жедел әрекет ету орталығының «109-Бірыңғай байланыс орталығы», «112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізілді.
Previous Post

АЙМАҚ БАСШЫСЫ «KEGOC» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

АЙМАҚ БАСШЫСЫ УЕФА СТАДИОН ИНСПЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post
АЙМАҚ БАСШЫСЫ  УЕФА СТАДИОН ИНСПЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ УЕФА СТАДИОН ИНСПЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ана-әлемнің бесігі Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Марат Дүйсенбаев Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Таза Қазақстан Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы дроппер. жылу интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • АЙМАҚ БАСШЫСЫ УЕФА СТАДИОН ИНСПЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
  • ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫНА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
  • АЙМАҚ БАСШЫСЫ «KEGOC» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.