Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат

Сыр елі Мұхтар Құл-Мұхаммедке құрмет көрсетті

Сыр өңірінде ел есінде қалған кезеңнің куәгерлері қайта жүздесті. Бұл жолғы кездесу ресмиліктен гөрі рухани сабақтастықтың көрінісіндей болды. Жиналғандар өткенге құрмет, бүгінге бағышталған ойлармен бөлісті.

Zhuzbai by Zhuzbai
14.11.2025
in Ақпарат
0
Сыр елі Мұхтар Құл-Мұхаммедке құрмет көрсетті
0
БӨЛІСУЛЕР
7
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедпен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы елге еңбегі сіңген тұлғаның Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, құрмет көрсетті деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы өз сөзінде Батыр Бауыржан Момышұлының «Әр адамға бақыт пен бедел ақылмен, көп ізденіспен, адал еңбекпен келеді» деген ұлағатты сөзін мысалға келтіріп, осы қағиданы өмірлік ұстаным еткен аға буын өкілдерінің бірі ретінде Мұхтар Абрарұлының тұлғалық бейнесін ерекше атап өтті.

Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, Мұхтар Құл-Мұхаммед облысты басқарған кезеңде Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, маңызды жобалардың жүзеге асуына бастамашы болған.

2007 жылы облыс бюджеті 36 млрд теңге болса, небәрі бір жарым жыл ішінде 90 млрд теңгеге дейін артқан. Қысқа мерзім ішінде өңірдің өзекті мәселелерін республикалық деңгейде көтеріп, Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің және инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің жаңғыртылуына ықпал еткен.

Сондай-ақ, облыс аумағында 21 мектептің және Жаңақорғанда жыл бойы жұмыс істейтін балалар лагерінің құрылысы басталып, 1200 орындық 11 жаңа мектеп салынған. Денсаулық сақтау саласында да ауқымды жұмыстар жүргізіліп, Арал мен Қазалы аудандарында 100 орындық ауруханалар, ал Жаңақорғанда аудандық орталық аурухана ғимараты бой көтерген.

Аймақ басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедке өңірдің өркендеуіне қосқан еңбегі үшін 2022 жылы берілген «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы мен Құрмет грамотасын салтанатты түрде табыстап, Сыр жұртшылығы атынан сый-құрмет көрсетті.

Мұхтар Абрарұлы әр жылдары Парламент Сенатының депутаты, Президенттің Баспасөз хатшысы мен кеңесшісі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, төрт мәрте Мәдениет және ақпарат министрі болып, еліміздің мәдени және рухани дамуына, ұлттық құндылықтардың жаңғыруына зор үлес қосты. Екі рет Сенат депутаты ретінде азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды заңдардың қабылдануына ықпал етті.

2007–2008 жылдары Қызылорда облысының әкімі қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсіміне серпін берген ілкімді жобаларды іске асырып, Сыр елінің дамуына тың леп әкелді.

Кездесуде қоғам қайраткерлері Жарылқасын Шәріпов, Ибрагим Әбибуллаев, Бекмырза Еламанов және Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов сөз алып, Мұхтар Абрарұлын шын жүректен құттықтады.

Өз кезегінде Мұхтар Құл-Мұхаммед көрсетілген құрмет пен ықылас үшін ризашылығын білдіріп, Сыр өңірінің тұрғындарына ізгі тілегін жеткізді.

Tags: ҚызылордаМұхтар Құл-МұхаммедНұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев
Previous Post

Қызылордада жаңа «Balausa Kids Land» бөбекжай-бақшасы ашылды

Next Post

Ұлағатты жолдың өнегелі тәмамы: Гауһар Рүстемқызын құрметпен шығарып салу кеші

Next Post
Ұлағатты жолдың өнегелі тәмамы: Гауһар Рүстемқызын құрметпен шығарып салу кеші

Ұлағатты жолдың өнегелі тәмамы: Гауһар Рүстемқызын құрметпен шығарып салу кеші

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.