Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

Қазақ боксының қарымы

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
16.09.2025
in Спорт
0
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан Әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды. Отандастарымыз дүбірлі доданы 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен түйіндеп, жалпы командалық есепте көш басына шықты.

Еліміздің ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов негізінен тәжірибелі боксшыларға сенім артты. Олардың қатарында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Бейбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Са­быржан Аққалықов (75 келі), Нұр­бек Оралбай (80 келі), Бекзат Нұр­дәулетов (85 келі), Сағындық Тоғам­бай (90 келі) мен Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.

Ал Елдос Сайдалин бастаған бап­керлер әйелдер құрамасында тәжі­рибелі боксшылармен жастарды да алып барды. Қазірге дейін Әлем және Олимпиада жүлдегері болып үлгерген Назым Қы­зайбай (48 келі), Алуа Балқы­бек­ова (51 келі), Элина Базарова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Вик­тория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Талипова (80 келіден жоғары) шаршы алаңға шықты.

Әлем чемпионатында қазақстан­дық қай боксшы да тартысты жекпе-жек өткізді. Олардың әрбірінің де фи­налға дейін жетуіне мүмкіндігі бол­ғанын жоққа шығара алмаймыз. Десе де шаршы алаңдағы бәсеке шын мықтыны анықтады. Кейбірінің бабы келіскенмен, бағы жанған жоқ. Кейбір сәтте төрешілердің бұра тарт­­қан жағ­дайы кездесті. Қуанар­лығы, қаншама уақыт бойы төккен тер­дің өтеуі қайтты.

Ел құрамасында Санжар Тәшкен­бай (50 келі) мен Махмұд Сабырхан (55 келі) секілді сақа спортшылар болды. Қазірге дейін әлем чемпионы атағын бір мәрте жеңіп үлгерген боксшылар да бұл жолы ешбір сыр берген жоқ. Барлық жекпе-жегінде жинақы қимыл көрсетті. Шаршы алаң төрінде ширақ қимылдап, жеңіс тұғырынан көрінді. Саңлақтарымыз жиырмадан енді асқан жігіттер екені қуантады. Алдағы Олимпиадада атой салатын жасқа келіп жатыр. Ол Қа­зақ­стан боксының болашағы зор екенін дәлелдейді.

Сондай-ақ Махмұдтың туған інісі Төрехан да Әлем біріншілігінде бақ сынады. Небәрі 19 жасқа енді ке­ліп жатқан талантты спортшы дү­бірлі дода барысында ешкімнен қай­мыққан жоқ. Ше­шуші раундта жас боксшы өзі­нің мықтылығын тағы бір мәрте дә­­лел­деді.

Ал қыздар арасында Алуа Бал­қыбекова (51 келі) финалда алтын жүлдені түркиялық Бусеназ Чакыроглумен сарапқа салды. Алғашқы екі раундта Алуа жинақы қимылдап, қар­сыласына көбірек соққы жұмса­ды. Оған түркиялық спортшы тойтарыс бере алған жоқ. Бас жүлде отан­дасымыздың еншісіне бұйырды.

Есте қалатын тағы бір жекпе-жек Аида Әбікеева мен өзбекстандық Навбахор Хамидова арасында өтті деуге толық негіз бар. Қарсыласы қазірге дейін Әлем чемпио­натын­да екі мәрте жүлдеге іліккен. Тәжі­ри­бесі толысқан өзбек қызы алғаш­қы екі раундта жеңісті өзіне аудар­ғысы келді. Төрешілер де оның ба­сым­дығын мо­йындап, қа­жет­ті ұпайын қоржынға салды. Есе­сіне шешуші раундта жан­күйер­лер толықтай Аида­ның ше­берлі­гіне тән­ті болды. Сол арқылы тө­реші­лер қол­дауына иеленді. Же­ңіс тұғы­рына қазақстан­дық боксшы көте­рілді.

Сондай-ақ Наталья Богданова (70 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Айбек Оралбай (90 келі) сынды был­ғары қолғап шеберлерінің же­тіс­­тігіне ел сүйсінді.

Осылайша он күнге созылған бокс мерекесі мәресіне жетті. Әрине, біздің құрама үшін әлі де жасалатын жұмыс аз емес. Былғары қолғап ше­берлері арасында бәсекелестікті арттыру, олардың шеберлік деңгейін жетілдіру секілді көптеген талап бар. 2028 жылғы Олимпиада жа­қындап келеді.

Әділжан ҮМБЕТ

 

Previous Post

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды

Next Post

Қазақстанда кейбір банктердің жанынан шариғатқа сәйкестік жөніндегі кеңестер құрылады

Next Post
Қазақстанда кейбір банктердің жанынан шариғатқа сәйкестік жөніндегі кеңестер құрылады

Қазақстанда кейбір банктердің жанынан шариғатқа сәйкестік жөніндегі кеңестер құрылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.