Пятница, 9 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

Сыр өңірінде спорт күніне арналған салтанатты шара өтті

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
15.08.2025
in Спорт, Ақпарат
0
Сыр өңірінде спорт күніне арналған салтанатты шара өтті
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

 

Бүгін «Өнер орталығында» Спорт күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары Ермахан Ыбырайымов, Бақыт Сәрсекбаев, Елдос Сметов, Болат Жұмаділов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әділбек Ниязымбетов, Ислам Байрамуков, Серік Елеуов, Қамшыбек Қоңқабаев, Мерей Ақшалов, Біржан Жақыпов, облыстық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері, сала ардагерлері арнайы қатысты.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, спорт саласындағы бастамалар мен жетістіктерді атап өтті.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан спорт державасы болуға тиіс. Сол үшін біз маңызды спорт нысандарын салып жатырмыз. Халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыру – біздің ортақ міндетіміз» — деп, спорт инфрақұрылымын, соның ішінде стадиондар мен спорт кешендерін салуға тапсырма берген болатын.
Президентіміздің тапсырмасын орындау мақсатында өңірімізде спорт инфрақұрылымын дамытуға, бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыруға басымдық берілуде.
Қазіргі таңда аймағымызда 340 мыңнан астам тұрғын спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл — өңір халқының 40 пайызы. Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлайтын 33 спорт мекемесі жұмыс істейді. Соңғы 3 жылда 20 спорт кешені пайдалануға берілді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерде тағы 6 спорт кешені ел игілігіне табысталады.
Сыр өңірінің спортшылары әлемдік додалар мен ел біріншіліктерінде әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің атын әлемге танытуда. Алдағы уақытта да аймақ спортының дамуына аянбай атсалысып, жаңа белестерді бағындыра береді деп сенемін. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!Мереке құтты болсын!», — деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Мерекелік шарада салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спортты дамытуға сүбелі үлесін қосқан сала мамандары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Концертте үрмелі аспаптар оркестрі халық әндеріне импровизация жасады, эстрада әншісі Бағлан Әбдірайымов ән шырқады.
Айта кету керек, Сыр өңірінің спортшылары халықаралық аренада көк туымызды көкке көтеріп келеді. Жыл басынан бері Әлем, Азия чемпионаттарынан 36 алтын, 22 күміс, 42 қола медаль жеңіп алды.
Ел біріншіліктерінен 118 алтын, 103 күміс, 151 қола медальға қол жеткізді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Құрыш қолды құрылысшылар құрмет төрінде

Next Post

Аймақ басшысы олимпиада жеңімпазымен кездесті

Next Post
Аймақ басшысы олимпиада жеңімпазымен кездесті

Аймақ басшысы олимпиада жеңімпазымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.