Пятница, 9 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

Спорт саласын дамыту мәселелері қаралды

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
09.08.2025
in Спорт
0
Спорт саласын дамыту мәселелері қаралды
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

 

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде спорт саласын дамыту мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысып, баяндама жасады.
Аймақта дене шынықтыру және спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, ауқымды жобалар қолға алынған. Биыл бұл салаға жергілікті бюджеттен 38 млрд 213 млн теңге қаржы бөлінді.
Өңірде 340 мыңнан астам тұрғын спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл — облыс халқының 40,4 пайызы. Спорт резервін және спортшыларды даярлайтын 33 спорт мекемесі жұмыс істейді.
Соңғы үш жылда 20 спорт кешені пайдалануға берілді. Алдағы уақытта «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдарда тағы 6 спорт нысаны ел игілігіне табысталмақ.
Жуырда Қызылорда қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы ашылды. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдерге арналған тұңғыш «Қызылорда бокс клубы» өз жұмысын бастады.
Мемлекет басшысының қолдауымен салынып жатқан Қызылорда қаласында 26 млрд 500 млн теңгеге 11 мың орындық жаңа стадион қыркүйек айында ашылады.
Оған қоса, 20 млрд 500 млн теңгеге көпбейінді «Qyzylorda Arena» спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл кешенде олимпиадалық спорт түрлеріне арналған заманауи жаттығу залдары, жүзу бассейні, сондай-ақ халықаралық жарыстарды өткізуге арналған 2500 орындық зал қарастырылған.
Өткен жылдың қазан айында «Самұрық-Қазына Траст» қорымен бірлесіп 3 млрд 400 млн теңгеге заманауи Теннис орталығы ашылды. Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен Ғани Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңы күрделі жөндеуден өтіп, қайта пайдалануға берілді. Жуық арада федерацияның көмегімен Жалағаш аудандық орталық стадионы күрделі жөндеуден өтеді. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 1 млрд 600 млн теңгеге 80 спорт-ойын алаңы салынып, халық игілігіне берілді.
Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Шиелі ауданында жаңа спорт нысаны бой көтеріп, іске қосылды. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында аталған қордың көмегімен 2 млрд 900 млн теңгеге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүруде.
Жиында Айбек Дәдебай Қызылорда облысындағы спорт саласының оң өзгерістеріне тоқталды. Президент Әкімшілігінің басшысы өңірде жаңа спорт нысандары бой көтергенін және “Қайсар” клубы легионерлерден толық бас тартқан алғашқы команда екенін атап өтті. Аймақтың оң тәжірибесін басқа өңірлерге үлгі етті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды

Next Post

Облыс әкімінің гранты бөлінді

Next Post
Облыс әкімінің гранты бөлінді

Облыс әкімінің гранты бөлінді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.