Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Шиеліде жұқпалы аурулар бөлімшесі жұмысын бастады

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
27.08.2025
in Денсаулық
0
Шиеліде жұқпалы аурулар бөлімшесі жұмысын бастады
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Шиелі ауданында 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесі ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Жиынға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы жаңа нысанның аудан жұртшылығына сапалы медициналық көмек көрсетудегі жетекші бөлімшеге айналуына тілектестігін білдірді.
– Баршаңызды еліміз үшін айтулы мереке алдағы Конституция күнімен құттықтаймын!
Кейінгі үш жылда облыстың денсаулық сақтау саласына 441 млрд. 700 млн. теңге қаржы бөлініп, халықтың сұранысына сәйкес түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді.
Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 28 медициналық нысан салынды. Оның 8-і Шиелі ауданында.
Саланы дамытуға бюджеттен тыс ресурстар да тартылған. Біз «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тұрақты әріптестік байланыстамыз. Қор соңғы екі жылда өңірдің денсаулық сақтау саласына 5 млрд. теңгеге жуық қаржы бағыттады. Бұл қаржыға сирек кездесетін дертке шалдыққан жерлестерімізге қажетті дәрі-дәрмек сатып алынды. Облыстық онкология орталығына құны 1 млрд. 100 млн. теңге тұратын, республика бойынша 3 облыста ғана бар скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешен табыстады. Кешен бүгінде шалғай елді мекендердегі тұрғындарға үздіксіз қызмет етеді.
Пайдаланылмай бос тұрған ғимараттарды қайта жаңғыртып, денсаулық сақтау саласының қажеттілігіне тиімді пайдалануға бағытталған жұмыс қарқынды жүргізілуде. Былтыр Жаңақорған ауданында бос тұрған бұрынғы аудандық аурухана ғимараты қайта жаңғыртылып, «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығы ашылды. Бұған жергілікті бюджеттен 378 млн. теңге жұмсалды. Күні кеше дәл осындай орталық Арал ауданында да жұмысын бастады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 338 млн. 800 мың теңге бөлініп, ғимарат қайта жаңғыртылды. Қор қажетті заманауи құрал-жабдықтарға 350 млн. теңге бөлді. Орталықта жылына 600-ге жуық баланы оңалтуға мүмкіндік бар.
Осындай игі істің жалғасы ретінде құны 2 млрд. 323 млн. теңге болатын 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашуға бас қостық.
Қазір аудандық аурухана жанынан 733 млн. теңгеге қосымша ғимарат салынып, онда 650 млн. теңгенің жаңа МРТ аппараты орнатылуда.
Шиелі кентіндегі «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өтті.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған бұл нысандар тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға зор мүмкіндік береді. Алдағы уақытта халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жобаларды қолдау, медицина саласындағы ең маңызды мәселелерді шешу жалғасын таба бермек, – деді Н.Нәлібаев.
Рәсімде Наурызбай Байқадамов, Мұрат Ергешбаев, Ризабек Ожаров сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен құрылысшылар аймақтың Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Денсаулық сақтау саласының ардагері, Шиелі ауданының құрметті азаматы Ыбырай Ахметов бата берді.
Жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы аудандық аурухананың қосымша ғимаратына, күрделі жөндеуден өткен «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясына барды. Аудандық аурухананың 2 қабатты ғимаратының құрылысы өткен жылдың қыркүйек айында басталып, биыл шілдеде пайдалануға берілді. Ал амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстары 3 ай жүргізілді.
Еске салайық, облыс орталығында емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жыл басында Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсектік ауылдық аурухана, Арал ауданы Сексеуіл кентінде 40 төсек-орынға арналған аурухана пайдалануға берілді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен Қызылорда қаласының Баймұрат батыр елді мекенінде дәрігерлік амбулатория, Досан елді мекенінде медициналық бекет ел игілігіне табысталды. Осылайша ауылдардағы медициналық- санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдары ғимараттарын нормативке сәйкес етіп салу мәселесі толығымен шешілді.
Қайтарылған активтер есебінен 7 млрд. теңгеге 4 аудандағы орталық ауруханалар жанынан жаңа ғимараттар салынуда.
Ана мен бала өмірін қорғау мақсатында көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды.
Өткен жылдан бері 17 медициналық нысан күрделі жөндеуден өткізіліп, 44 ғимараттың жылу жүйесі газға ауыстырылды. Биыл да медициналық құрал-жабдықтар сатып алынуда. Бұл жұмыстың жыл сайын жүргізілгенінің арқасында жабдықталу деңгейі 2022 жылы 83,2 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 87,4 пайызға артты.
Жергілікті бюджеттен 225 жаңа санитарлық автокөлік бір мезетте алынып, елді мекендердегі барлық денсаулық сақтау ұйымына табысталды. Осылайша санитарлық автокөлікпен қамту мәселесі толық шешімін тапты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Арал қаласындағы «Қамқорлық» оңалту орталығы жұмысын бастады

Next Post

Шиелі ауданында «Оқушылар үйі мен Өнер мектебі» ашылды

Next Post
Шиелі ауданында  «Оқушылар үйі мен Өнер мектебі» ашылды

Шиелі ауданында "Оқушылар үйі мен Өнер мектебі" ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.