Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Семейдегі Қызылорда облысының өнер күндері аясында «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме өтті

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
22.09.2025
in Мәдениет, Ақпарат
0
Семейдегі Қызылорда облысының өнер күндері аясында  «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме өтті
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

 

Семей қаласында Абайдың 180 жылдығына арналған «Сұлу Сырдан — ұлы Абай еліне» атты Қызылорда облысының өнер күндері өтті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар.
Алдымен Семейдегі Абай атындағы театрда «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды. Оны Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Абай облысының әкімі Берік Уәли аралап көрді.
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды жәдігерлерден жасақталған көрме 3 бөлімнен тұрады.
Ондағы «Шірік Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы», «Түгіскен көсемі», «Жетіасар ақсүйек әйелі» археологиялық реконструкциялары археологиялық-этнографиялық экспедициялар кезінде табылған жәдігерлерді негізге алып жасалған.
Келушілер назарына археологиялық алтындар коллекциясы, атап айтқанда Шірік Рабат және Бәбіш мола қалашықтарынан табылған алтын жапсырмалар, Сығанақ қалашығынан табылған алтын сырғалар, тұмар, түймелер және маржан моншақтардың түпнұсқа коллекциясы ұсынылды. Жанкент, Асанас, Қышқала, Сығанақтан т.б. табылған терракоталар, глазурлі қаптамалар, қыш ыдыстар және Бидайықасар қалашығынан табылған қоссаз домбыра көшірмесі де Абай елі тұрғындарының қызығушылығын туғызды.
Көрмеге қойылған зергерлік бұйымдар коллекциясының тарихы бай. Сыр бойының қазақ әйелдері тағынған күміс әшекейлердің, яғни өңіржиек, жырға, алқаның, тұтынған ағаш жиһаздарының, ыдыстардың, тері бұйымдарының, ер қаруы болған қылыш, айбалта, семсер, шоқпар, найза, қалқан, жебенің құндылығы жайында білгісі келетіндер қатары көп болды.
Сондай-ақ, түркі дүниесінің ұлы абызы Қорқыт атаның «Деде Қорқыт» кітабының Дрезден нұсқасы, нар қобыз, ЮНЕСКО сертификаты, кәдесыйлар, үш жүздің пірі болған Марал ишаннан жеткен көк аса, Марал бабаның оққағары болған Тәжіге тиесілі Керей ерінің түпнұсқасы, Қалқай ишан, Сердалы Бекшорин, Ер Сейтпенбет, Бұқарбай батыр пайдаланған мөрлердің көшірмелері де көрме төрінен орын алған.
Семейліктер Абайдың 1922 жылы жарық көрген өлеңдер жинағының, Қызылорданың Қазақ АКСР-інің астанасы болғанына 100 жыл толуына орай фото және архивтік құжаттардың қыр-сырына қанықты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Семейде «Сұлу Сырдан — ұлы Абай еліне» атты Қызылорда облысының өнер күндері өтті

Next Post

Сыр өңірінің делегациясы Семейдегі бірқатар нысандарды аралады

Next Post
Сыр өңірінің делегациясы Семейдегі бірқатар нысандарды аралады

Сыр өңірінің делегациясы Семейдегі бірқатар нысандарды аралады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.