Среда, 7 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Қызылорда облысының медицина саласында даму қарқыны арта түсті

Өңірде негізгі медициналық және демографиялық көрсеткіштер жақсарып, өмір сүру ұзақтығы артты. Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы инфрақұрылым кеңейіп, жаңа медициналық жабдықтар алынып жатыр. Денсаулық сақтау мамандарының біліктілігін жетілдіру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.

Zhuzbai by Zhuzbai
09.12.2025
in Денсаулық
0
Қызылорда облысының медицина саласында даму қарқыны арта түсті
0
БӨЛІСУЛЕР
5
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласында биыл тұрақты оң үрдіс қалыптасып отыр. Негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарып, орташа өмір сүру ұзақтығы өткен жылғы 74,2 жастан 75,15 жасқа дейін өсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков мәлімдеді.

Оның айтуынша, саланың басты басымдығының бірі – ана мен бала денсаулығын сақтау. Жыл басынан бері өңірде 13 643 нәресте дүниеге келді. Бүгінде ана мен бала денсаулығын қорғау саласының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 90,5 пайызға жетті. Жыл соңына дейін Көпбейінді облыстық балалар ауруханасына магнитті-резонансты томограф сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту қызметтерін кеңейту мақсатында Жаңақорған аудандық көпбейінді ауруханасы базасында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылып, осындай орталық Арал ауданында да жұмысын бастады.

Облыстық перинаталдық орталық жанынан «Бір күндік клиника» және «Ұрықты қорғау орталығы» жобалары іске қосылды. Сондай-ақ құны 145 млн теңге болатын жаңа ультрадыбыстық зерттеу аппараты алынды. Емханалар мен орталықтарда «Әйелдер консультациясы», «Ситуациялық орталық» және үздіксіз кәсіби дайындыққа арналған «Симуляциялық орталық» құрылды.

Сала мамандарының біліктілігін арттыруға да айрықша назар аударылуда. Биыл 41 дәрігер Германия, Ресей, Литва және Беларусь елдерінде тағылымдамадан өтті. Соңғы үш жылда жергілікті бюджет есебінен біліктілікті арттыруға 375 млн теңге бағытталып, оның аясында 84 акушер-гинеколог, 44 неонатолог, 42 реаниматолог және 19 педиатр оқытылды. Ресейлік профессорлардың қатысуымен неонатологтарға арналған көшпелі мастер-класс өткізіліп, оған 40 медицина қызметкері қатысты.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде 27 медициналық нысан пайдалануға берілді. Жақын күндері Арал және Қазалы аудандарындағы көпбейінді ауруханалардың қосымша ғимараттары іске қосылады деп жоспарлануда.

Tags: Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласыОлжас Искаков
Previous Post

Қызылордада жол инфрақұрылымы жүйелі түрде жаңартылуда

Next Post

Қызылорда облысында жұмыспен қамту көрсеткіштері жоспарлы деңгейде орындалды

Next Post
Қызылорда облысында жұмыспен қамту көрсеткіштері жоспарлы деңгейде орындалды

Қызылорда облысында жұмыспен қамту көрсеткіштері жоспарлы деңгейде орындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды
  • Азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда
  • Қызылордада заманауи жиһаз фабрикасы ашылды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.