Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат

Қызылордада Еркін Әуелбековтің 95 жылдығы аталып өтті

Өңірдің өркендеуіне ықпал еткен тарихи тұлға Еркін Әуелбековтің мұрасы бүгінгі басқосуда жаңа қырынан бағаланды. Қайраткердің ел басқарудағы болмысы мен стратегиялық шешімдері конференцияның негізгі арқауына айналды.

Zhuzbai by Zhuzbai
20.11.2025
in Ақпарат
0
Қызылордада Еркін Әуелбековтің 95 жылдығы аталып өтті
0
БӨЛІСУЛЕР
0
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің 95 жылдығына арналған «Еркін Әуелбеков: заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өткізілді. Іс-шараға облыстық мәслихат төрағасы, тиісті салалардың басшылары, еліміздің өзге өңірлерінен келген делегаттар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғамдық ұйым мүшелері, сондай-ақ Еркін Нұржанұлының қарындасы Күләш Нұржанқызы қатысты.

Аймақ басшысы өз сөзінде қайраткердің Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан айрықша үлесін атап өтіп, конференция жұмысына табыс тіледі.

«Еркін Нұржанұлы — білімділігімен, халықшыл мінезімен, биік парасатымен ел дамуына зор үлесін қосқан заңғар тұлға. Ұлтымыздың талантты перзентінің есімі Сыр жұртшылығының есінде табандылығымен, адалдығымен, іскерлігімен сақталды.

Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысындағы МТС-тің бас агрономдығынан бастап, Қазақстан Астық өнімдері және құрама жем өнеркәсібі министрі болды. Еліміздің үш өңірін — Көкшетау, Торғай, Қызылорда облыстарын басқарды. 1985 жылдың 22 қаңтарында Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы лауазымына тағайындалып, аймағымыздың өсіп-өркендеуі жолында 5 жылға жуық еңбек етті.

Сол кезең туралы терең білетін, Еркін Нұржанұлымен қызметтес болған ағаларымыз бүгінде ортамызда. Ол уақытта орталықтың шешімінсіз бірде-бір өндіріс орны іске қосылмайтын. Облыстың ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, басқа да салаларының көрсеткіштері республикалық деңгеймен салыстырғанда өте төмен еді. Осындай қиындықтарға қарамастан, Еркін Нұржанұлы аймағымыздың дамуы мен Сыр халқының жайлы тұрмысы үшін барлығын жасады. Өңіріміздегі өзекті мәселелерді талдап, оны шешудің нақты жолдарын қарастырды.

1985 жылы Мұнай өнеркәсібі министрлігінің «Қазақ КСР-індегі «Құмкөл» мұнай кен орнын ашуға дайындау, игеруге байланысты жұмыстарды ұйымдастыру туралы» бұйрығы шықты. Еркін Нұржанұлының бастамасымен Жезқазған жеріндегі «Құмкөл» мұнай кеніші аумағы облысымызға ұзақ жылға жалға берілді. Бұл тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, облыс бюджетінің өсіміне жол ашты.

«Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді» деген сөз бар. Еркін Нұржанұлының еселі еңбегінің арқасында 1990 жылдардың қиын кезеңінде «Құмкөл» мұнай кеніші облыс бюджетінің 70-80 пайызын қамтамасыз етіп, аймақтың дамуына серпін берді. Осы бастамасы үшін өңір халқы ағамызды үнемі еске алып, ерекше құрметтейді.

Бүгін Еркін Нұржанұлының еңбегі мен қайраткерлік тұлғасына арналған конференцияда бас қосудамыз. Халық құрметіне бөленген дара тұлғаны ұлықтауға арналған осы шараға шынайы ниетпен арнайы қатысуға келген ардақты ағаларымызға, қадірлі қонақтарымызға Сыр жұртшылығы атынан зор ризашылығымызды білдіреміз»,

– деді Н.Нәлібаев.

Жиын барысында мемлекет және қоғам қайраткерлері Әбдіжәлел Бәкір, Мұрат Бақтиярұлы, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, Әуелбеков қорының филиал жетекшісі, «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторы Сәдуақас Аңсат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтбай баяндама жасап, естеліктерімен бөлісті.

Конференцияға қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді. Іс-шара соңында аймақ басшысы Күләш Нұржанқызына Сыр халқына тән дәстүр бойынша сый-құрмет көрсетілді.

Tags: ғылыми-танымдық конференцияЕркін ӘуелбековҚызылорда
Previous Post

Сырдария ауданы, Шаған ауылында қуанышты жағдай

Next Post

Сыр өңірінде “Аңсаған сәби” бағдарламасының ауқымы кеңейді

Next Post
Сыр өңірінде “Аңсаған сәби” бағдарламасының ауқымы кеңейді

Сыр өңірінде “Аңсаған сәби” бағдарламасының ауқымы кеңейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.