Среда, 7 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Білім

ҚЫЗЫЛОРДАДА 1500 ОРЫНДЫҚ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ

Қызылордада болашаққа бағдарланған ірі білім ордасы ашылды. Жаңа мектеп мыңдаған оқушының сапалы білім алуына жол ашады. Бұл - өңірдегі білім саласының серпінді дамуының айқын көрінісі.

Zhuzbai by Zhuzbai
25.11.2025
in Білім
0
ҚЫЗЫЛОРДАДА 1500 ОРЫНДЫҚ «КЕЛЕШЕК  МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда қаласының СПМК-70 шағын ауданында 1500 орынға арналған «Келешек мектебінің» ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау құрылымдарының басшылық құрамы, зиялы қауым мүшелері мен ел ағалары қатысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы қала халқын, ұстаздар мен оқушыларды жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтап, жиналған көпшілікке ақжарма тілегін арнады.

«Президентіміз «Баланың бәрі бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі тең болуы тиіс. «Келешек мектептері» жобасының түпкі мақсаты да – осы» деген еді. Бәсекеге қабілетті, заманауи талаптарға сай, жаңашыл буын қалыптастыру – мемлекеттің басты стратегиялық міндеттерінің бірі. Сыр өңірінде Президент пен Үкіметтің қолдауымен білім саласында кең ауқымды істер мен жаңа бастамалар жүзеге асуда.

Аймақтағы білім беру жүйесіне соңғы үш жылда 812 млрд. 245 млн. теңге, ал биылғы жылы 346 млрд. 800 млн. теңге бағытталды. Өткен жылы 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 жаңа білім беру нысаны іске қосылды. «Баршаңызды жаңа мектептің ашылуымен құттықтаймын! Бұл – тек ғимарат тұрғызу ғана емес, жаңа заманның алғыр оқушыларына тың мүмкіндіктер сыйлау. Жаңа мектеп әрбір шәкірттің үлкен арманын оятып, биік мақсаттарға жетелейтін құтты орынға айналсын! Санасы сергек, ойы озық, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ көбейе берсін!»

— деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Қызылорда облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 391 млн. теңгеге 10 мектеп салынды. 2023 жылдан бері 5 млрд. 700 млн. теңгеге 9 білім ордасының жанынан қосымша корпус тұрғызылды. Осылайша өңірдегі үш ауысымдық мектептер мәселесі толығымен шешілді.

Салтанатты жиында білім саласының дамуына үлес қосқан педагогтер мен «Келешек мектебінің» құрылысына жауапты мердігер ұйым қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Абдуламитұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Мұрат Бақтиярұлы жиналған қауымды құттықтап, ақжол тіледі.

Tags: Жұлдыз СүлейменоваҚызылордаМұрат ӘбеновМұрат ЕргешбаевНұрлыбек НәлібаевРуслан Рүстемов
Previous Post

Қызылордада ардагерлер кеңесінің көшпелі жиыны өтті

Next Post

Қармақшыда 25 жаңа үйдің кілті табысталды

Next Post
Қармақшыда 25 жаңа үйдің кілті табысталды

Қармақшыда 25 жаңа үйдің кілті табысталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды
  • Азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда
  • Қызылордада заманауи жиһаз фабрикасы ашылды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.