Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АБАЙ» ОПЕРАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

Өнер орталығында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әйгілі «Абай» операсының жаңа қойылымы көрерменге жол тартты. Тарихи-мәдени маңызы зор туынды өңір жұртшылығына терең әсер қалдырып, ұлттық рухты дәріптейтін мәнді кешке айналды.

Zhuzbai by Zhuzbai
02.12.2025
in Мәдениет
0
ҚЫЗЫЛОРДАДА «АБАЙ» ОПЕРАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өнер орталығында ұлы ағартушы, ақын, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай» операсының алғашқы көрсетілімі ұйымдастырылды. Премьераны облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және қала тұрғындары тамашалады.

«Абай» трагедиясы — еліміздің өнер кеңістігінде ерекше орын алатын, халқымыздың мәдени өміріне серпін берген шоқтығы биік шығарма. ХХ ғасырдың 30-40 жылдары бастау алған бұл туынды М.Әуезовтің шығармашылық жолындағы маңызды белес болып, Абайдай данышпан тұлғаның бейнесі алдымен сахна арқылы халық жүрегінен терең орын алған еді. Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің әйгілі операсы тек ізгілік пен зұлымдықтың тартысын көрсететін қойылым ғана емес, қазақ халқының болмысы мен жан дүниесінің байлығын ашатын рухани айна, көшпелі мәдениеттің өзіндік салты мен дүниетанымын паш ететін тағылымды дүние.

Басты кейіпкердің ой тереңдігі, сөз нақтылығы, тіл шеберлігі мен азаматтық болмысы филармония әртістерінің орындауында өз мәнін жоғалтпай, жоғары деңгейде көрерменге ұсынылды.

Айрықша классикалық кешті халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Рустам Рысмағамбетовтің дирижерлік етуімен облыстық симфониялық оркестр сүйемелдеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе. Қойылымға аралас хор ұжымы (көркемдік жетекшісі — А.Қуаныш), «Томирис» би ансамблі (жетекшісі — халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпазы М.Тойбазарова), «Ai-Aru» заманауи би тобы (жетекшісі — халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты З.Стықбаева), «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы (жетекшісі — Қ.Боранбаев) және филармония солистері қатысып, көрермендерге мазмұны терең, философиялық ойға толы мәдени кеш ұсынды.

Операның қоюшы режиссері — Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әзиза Іздіқұлова.

Абайдың өмір жолы мен шығармашылығын айшықтайтын бұл қойылым ұлттық сана-сезімді күшейтіп, қоғамды бірлікке шақыратын мәні зор өнер туындысы болып табылады. Абай мұрасын түрлі форматта дәріптеу — бүгінгі қазақ руханияты үшін аса маңызды міндет.

Tags: "Абай" операсыАбай ҚұнанбайұлыДанияр ЖаналиновҚызылордаөнер орталығы
Previous Post

Сыр өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық форумы өтті

Next Post

Қызылордада демалыс орындарының инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Next Post
Қызылордада демалыс орындарының инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Қызылордада демалыс орындарының инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.