Суббота, 10 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат

Құрылыс саласындағы қарқынды жұмыс нәтижелері

Қызылорда облысында соңғы жылдары инфрақұрылым айтарлықтай дамып, жаңа әлеуметтік және тұрғын үй нысандары пайдалануға берілді. Облыс құрылыс басқармасы жоспарланған жобаларды мерзімінде аяқтап, өңірдің әлеуметтік әлеуетін арттыруға үлес қосуда.

Zhuzbai by Zhuzbai
02.12.2025
in Ақпарат
0
Құрылыс саласындағы қарқынды жұмыс нәтижелері
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысында соңғы жылдары сан түрлі құрылыс объектілері салынғанымен, өңірдің сәулеттік келбеті айтарлықтай жақсара түсті. Бұған құрылысшылардың ерен еңбегі зор ықпал етті. Биыл пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 10 айдың қорытындысы бойынша 766,7 мың шаршы метрге жетіп, жоспар 110 пайыз деңгейінде орындалды. Жыл аяғына дейін барлық қаржыландыру көздері есебінен 870 мың шаршы метр баспана тапсыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар жаңа стадион, “Келешек” мектептері және өзге де нысандар биылғы жылдың жобалары қатарынан орын алды. Он ай ішінде атқарылған жұмыстар жөнінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев баяндады.

          –2025 жылға жалпы 166,8 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа облыс аумағында 96 жобаның құрылысын жүргізу және 2980 пәтер сатып алу жоспарланған. «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында 6900 орынға арналған 10 мектептің құрылысы қолға алынған болатын. Қызылорда облысы республика бойынша Президент тапсырмасын алғаш орындап, жоспарланған 10 білім ошағын толық аяқтап, халық игілігіне ұсынды. Бұдан бөлек, білім беру саласында физика-математикалық бағыттағы мектеп, Музыкалық колледж, Сұлтан Бейбарыс пен Назарбаев көшелерінің қиылысында орналасқан Шығармашылық инновациялық орталығы, сондай-ақ Шиелі ауданындағы 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ Арал ауданының Жалаңаш ауылындағы 150 орындық мектеп биылғы жылдың соңына дейін құрылысын тәмамдайды.

          Денсаулық сақтау бағытында Сырдария өзенінің сол жағалауында бір ауысымда 100 келуші қабылдайтын емханасы бар 300 орындық онкологиялық бөлімшесімен көпсалалы аурухана құрылысы қарқынмен жүргізілуде. Арал және Қазалы аудандық орталық ауруханаларын қайта жаңғырту және Қамқорлық орталығына бейімдеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталық аурухананы реконструкциялау және Шиелі кентіндегі инфекциялық аурухана құрылысы толық бітті.

          Мәдениет саласында сол жағалаудағы Тарихи-өлкетану музейі, Арал, Қазалы және Сырдария аудандарындағы Руханият орталықтары мамыр айында іске қосылды. Достық үйінің құрылысын жыл соңына дейін тәмамдау жоспарланған. Ал спорт саласында былтыр басталған стадион құрылыс жұмыстары биыл мерзімінен бұрын аяқталып, 11 мың орындық нысан қазан айында халыққа пайдалануға берілді. Сонымен қатар облыс бюджеті есебінен «Қызылорда Арена» спорт кешенінің, ал «Қазақстан Халқына» қоры арқылы сол жағалаудағы спорт кешенінің құрылысы белсенді жүргізілуде,

– деді Ерлан Кәрімбекұлы.

Previous Post

Жер саласындағы тексеріс нәтижесі қаралды

Next Post

Сыр өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық форумы өтті

Next Post
Сыр өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық форумы өтті

Сыр өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық форумы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.