Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қызылордада нан өнімдері кешені іске қосылды

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
09.10.2025
in Әлеумет
0
Қызылордада нан өнімдері кешені іске қосылды
0
БӨЛІСУЛЕР
2
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

«Қызылорда-Нан» серіктестігі нан өнімдерін шығару кешенінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, қала тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев өңірде жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобаларды атап өтіп, жиналған қауымды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керек. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс», – деген болатын. Өңірімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. 2022-2024 жылдары аймақ экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Биыл 631 млрд. 400 млн. теңгеден астам инвестиция тарту бағытында жұмыс жүргізілуде. Өткен 8 айда 408 млрд. 200 млн. теңге инвестиция тартылып, жоспардың орындалуы бойынша Қызылорда облысы республикада бірінші орынға шықты. Жыл соңына дейін жаңа жобаларды іске қосу есебінен жоспар 716 млрд. теңгеге дейін артығымен орындалады. Тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша 280 млн. АҚШ доллары бекітілген, осы жылдың ІІ тоқсанында 172,9 млн. АҚШ доллары тартылып, жоспар 62%-ға орындалды.
Бүгін өңір экономикасына тың серпін беретін «Қызылорда-Нан» серіктестігінің нан өнімдері кешенінің ашылу салтанатында бас қостық. Баршаңызды жаңа кәсіпорынның іске қосылуымен шын жүректен құттықтаймын. Жобаға атсалысқан инвесторларға, құрылысшыларға, барлық серіктес ұйымдарға алғысымызды білдіреміз. Кешеннің жұмысы табысты, өндірісі берекелі болсын! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Рәсімде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев құттықтау сөз сөйледі. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі, өңдеу өнеркәсібі саласына ауқымды инвестиция салғаны үшін меценат Нейля Жүсіпова Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды. Қызметкерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Қызылордада алғаш рет 1957 жылы іске қосылған нан зауыты 1995 жылға дейін тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз еткен болатын. Араға отыз жыл салып, бұл игі дәстүр жалғасын тауып, жаңа кешен жұмысын бастады.
Жалпы 5,6 миллиард теңге қаржы жұмсалған бұл кешен – тек өндірістік ғана емес, әлеуметтік және ұлттық маңызға ие ірі нысан. Бүгінде мұнда 120 адам еңбек етуде, алдағы уақытта жұмыс орындарының саны 170-ке дейін көбейеді.
Кешенге мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 1,2 миллиард теңге жеңілдетілген несие беріліп, оның пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды. Бірінші кезеңде 3,1 миллиард теңгеге заманауи, толық автоматтандырылған жабдықтары бар төрт өндірістік цех іске қосылды. Алдағы жылы жобаның екінші кезеңінде 2,5 миллиард теңгеге ұн комбинатын салу жоспарланған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Джули Стаффт АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып тағайындалды

Next Post

Қызылордада түрмеге телефонды нанның ішіне жасырып өткізбек болған азамат әшкере болды

Next Post
Қызылордада түрмеге телефонды нанның ішіне жасырып өткізбек болған азамат әшкере болды

Қызылордада түрмеге телефонды нанның ішіне жасырып өткізбек болған азамат әшкере болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.