Среда, 7 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат

Қармақшыда 25 жаңа үйдің кілті табысталды

Қармақшы ауданында жаңа баспаналар пайдалануға беріліп, ондаған отбасы қоныс тойын тойлады. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде тұрғын үй мәселесі қарқынды шешіліп келеді.

Zhuzbai by Zhuzbai
25.11.2025
in Ақпарат, Әлеумет
0
Қармақшыда 25 жаңа үйдің кілті табысталды
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшы ауданының орталығы — Жосалы кентінде әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарға жаңадан бой көтерген үйлердің кілті табысталды. Шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, ел ағалары және ауыл тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, өңірде жүргізіліп жатқан ірі жобалар, құрылыс саласының қарқыны және тұрғын үй саласындағы оң өзгерістер туралы айтты.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты баспанамен қамтамасыз ету — мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты екенін атап өтті. Өңірімізде құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр. 2022 жылдан бері 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынып, халық игілігіне қызмет етуде.

2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер берілді. Соңғы екі жылда облыс тарихында алғаш рет барлық аудандарда бір жарым мыңға жуық пәтер салынып, жергілікті тұрғындарға табысталды. Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үй құрылысын жүргізуге бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге қарастырылды. Оның ішінде аудандарда 322 пәтерлік 161 тұрғын үй бой көтеріп жатыр.

Қармақшы ауданында да 2023-2024 жылдары 2 млрд. 848 млн. теңгеге 207 пәтерлік 103 үй сатып алынып, кезекте тұрғандарға берілді. Бүгін сіздерге тағы 50 пәтерлік 25 жаңа үйді тапсырамыз.
Бүгін — мемлекет қамқорлығын сезінген баршаңыз үшін қуанышты күн. Шаңырақ көтеру — әр отбасының ең ізгі арманы. Жаңа үйлеріңіз құтты болсын! Берекелі, тыныш, ырысты қонысқа айналсын!»

— деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Айта кетейік, 2023 жылы Қармақшы ауданының Тұрмағамбет, Ақжар, Дүр Оңғар ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар ашылды. Өткен жылы Қуаңдария мен Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекеттер салынды.

«Руханият жылы» аясында аудан орталықтарында бой көтерген «Руханият орталықтарының» бірі Қармақшы ауданында іске қосылды. Сонымен қатар «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал, Ақай ауылдарында жаңа спорт кешендері салынды.

Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагерлер мен мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев көпшілікті құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Рәсімнен соң аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен және ардагерлермен кездесіп, елдің әлеуметтік-экономикалық бағыты жөніндегі сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Tags: ҚызылордаМұрат ӘбеновМұрат ЕргешбаевНұрлыбек НәлібаевРуслан Рүстемов
Previous Post

ҚЫЗЫЛОРДАДА 1500 ОРЫНДЫҚ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ

Next Post

Қызылордада мемлекеттік тілді дамытуға арналған республикалық семинар өтті

Next Post
Қызылордада мемлекеттік тілді дамытуға арналған республикалық семинар өтті

Қызылордада мемлекеттік тілді дамытуға арналған республикалық семинар өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды
  • Азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда
  • Қызылордада заманауи жиһаз фабрикасы ашылды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.