Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов депутаттармен бірге қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, олардың орындалу деңгейін тексерді.
Алдымен «Көрме орталығы» ғимаратындағы жұмыс барысы бағаланды. Көпфункционалды кешен көрме, жәрмеңке және конференциялар өткізуге бейімделген. Нысан 215 адамды қабылдай алады.
Пайдалануға берілейін деп тұрған «Достық үйінде» ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары аяқталуда. Ғимаратта кеңселер, 200 орындық үлкен зал, кофейня және заманауи жабдықталған конференц-зал қарастырылған. Құрылыс жұмыстарының 95%-ы орындалған.
Сонымен бірге делегация сол жағалауда салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына барды. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан нысан 131 спортшыны бір уақытта қабылдай алады. Бірінші қабатта волейбол алаңы, екінші қабатта күрес залдары орналасады.

