Среда, 7 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

Қызылордада 11 мың орындық жаңа стадион ашылды

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
06.10.2025
in Спорт, Ақпарат
0
Қызылордада 11 мың орындық жаңа стадион ашылды
0
БӨЛІСУЛЕР
3
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

 

Қызылорданың сол жағалауында 11 мың көрерменге арналған жаңа стадионның ашылуы өтті. Салтанатты шара аясында футболдан ел Кубогының финалдық матчы ұйымдастырылды.
Шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров арнайы келді. Сондай-ақ, қоғам қайраткерлері мен мыңдаған футбол жанкүйері жиналды.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.
“Бүгін — Қазақстанның спорт тарихындағы айтулы күн. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының аймақтарда спорт инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде стадиондар мен спорт кешендерін салу туралы тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласында жаңа стадион бой көтерді. Жаңа стадионымыздың ашылуы футболдан Қазақстан кубогының финалдық ойынымен тұспа-тұс келді. Жанкүйерлер асыға күтетін спорт мерекесі отандық футбол тарихында алғаш рет Қызылорда қаласында өтуде. Бұл — сырбойылықтар үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш! Баршаңызды жаңа стадионның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Қаламызда жаңа нысанның салынуына ерекше қолдау білдірген Мемлекет басшымызға, Үкіметке барша Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Финалдық ойынды өткізуге бастамашы болып, ұйымдастырған Қазақстан футбол федерациясына зор ризашылығымызды жеткіземіз. Бүгінгі ойынға жолдама алған командаларға сәттілік тілеймін! Қазақстан футболының даңқы арта берсін!” – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров жаңа стадионның ашылуы ел футболы үшін маңызды екенін атап өтті.
«Құрметті қызылордалықтар және футбол жанкүйерлері! Сіздерді жаңа стадионның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – еліміздің футбол картасынан лайықты орын алатын заманауи арена. Қазақстан Кубогының финалы алғаш рет Сыр елінде өтіп отыр. Осы алаңда талай қызықты кездесулер мен ұмытылмас ойындар өтеді деп сенемін. Бүгінгі финал сол табысты жолдың бастауы болсын!» – деді Марат Талғатұлы.
Жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайтын жаңа спорттық кешен заманауи халықаралық талаптарға сай салынған. Мұнда футбол алаңы ғана емес, олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін бокс, күрес, фитнес, спорттық гимнастика және ауыр атлетика залдары орналасқан. Сонымен қатар, нысанда дүкендер мен дәмханалар қарастырылған.
Ғимараттың бірінші қабатында спорт залдары, футболшылардың дайындық бөлмелері және сауықтыру орталықтары орналасқан. Екінші қабатта – әкімшілік бөлмелер, ал үшінші қабатта – ауқымды жиындарға арналған мәжіліс залы бар. Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жаттығуына да толық жағдай жасалған.
Стадион УЕФА-ның 4-санатына сәйкестендірілген. Жасыл алаң халықаралық стандарттарға сай жасанды төсенішпен жабдықталған, заманауи жарықтандыру және дыбыс жүйелері орнатылған. Бұл өз кезегінде халықаралық деңгейдегі спорттық және мәдени шараларды жоғары сапада өткізуге мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

«Электр энергиясы қымбаттайды, мүлік салығы міндетті түрде төленуі керек»: Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді

Next Post

«Тобыл» — кубок иегері

Next Post
«Тобыл» — кубок иегері

"Тобыл" - кубок иегері

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды
  • Азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда
  • Қызылордада заманауи жиһаз фабрикасы ашылды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.