Фото: Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры
Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының ұжымы халықаралық театр фестивалінде алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
QITFEST халықаралық театр фестивалі 1-6 қазан күндері аралығында Қостанай қаласында алғаш рет ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Иран, Түркия, Грузия елдерінен өнер ұжымдары қатысып, бақ сынады.
— Нәтижесінде А.Островскийдің «Найзағай» драмасын сахналаған қызылордалық театр топ жарды. Қойылымның режиссері — халықаралық, республикалық фестивальдердің лауреаты Дина Жұмабаева, — делінген хабарламада.

