Пятница, 9 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат

Күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
04.09.2025
in Ақпарат
0
Күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Қызылорда облысында күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары басталды. Биыл қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында өңірден 900-ге жуық 18-27 жас аралығындағы азамат әскер қатарына шақырылып, Қарулы Күштерде, Ұлттық ұланда, Шекара қызметінде және басқа да әскери құрылымдарда борышын өтейді. Жас сарбаздарға әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған: несие төлемдері уақытша тоқтатылады, сондай-ақ білім алуда жеңілдіктер беріледі. Аймақ жастары ел қорғау міндетін абыроймен атқарып, мемлекет тарапынан қолдауға ие болмақ. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Нұрлыбек Сейітханов мәлімдеді.
– Күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны – жас ұрпақтың ел алдындағы ең басты борышын орындауының айқын көрінісі. Бүгінгі таңда Қызылорда облысынан 900-ге жуық азамат әскер қатарына аттануға дайындық үстінде. Олардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Ұлттық ұланда, Шекара қызметінде және өзге де әскери құрылымдарда борышын өтейді. Бұл – жас сарбаздарымыздың шыңдалып, нағыз азамат болып қалыптасуына үлкен мүмкіндік. Әскерге шақырылған жастарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мәселен, мерзімді қызметке барған сарбаздардың несие төлемдері бір жылға тоқтатылады. Сондай-ақ, білім беру саласында жеңілдіктер қарастырылған. Ұлттық бірыңғай тестілеусіз-ақ жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі бар. Биылдың өзінде Қызылорда облысынан 61 жас мемлекеттік білім грантын иеленді. Бұл жастарымыздың білім алуға деген ынтасын арттырып, болашағына сеніммен қарауына жол ашады. Сонымен бірге, азаматтарды әскерге шақыру барысы заманауи әдістермен жүзеге асырылуда. Арнайы 1414 сервисі арқылы SMS-хабарламалар жіберу пилоттық режимде енгізілді. Бұл шақырылушыларға уақытылы ақпарат жеткізіп, олардың әскери бөлімдерге белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әскер қатарына шақырылған әрбір жас — еліміздің болашағы, ел қорғауға дайын азамат. Сондықтан біз олардың денсаулығына, білім деңгейіне, моральдық-психологиялық дайындығына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Қатарымыздан тек елін сүйетін, жауапкершілікті сезіне білетін азаматтар әскер сапына қосылады. Жас сарбаздардың борышын абыроймен өтеп, тәжірибе жинап, Отан алдындағы парызын адал атқаратынына сенімдіміз. Әскерде алған тәрбие мен шынығу олардың азамат ретінде қалыптасуына үлкен серпін беріп, болашақ өміріне жол ашатыны анық, – деді Нұрлыбек Қалыбекұлы.

Previous Post

Қазақстанда 5,9 млн тонна астық жиналды

Next Post

Қызылордада заңға бағынбаған таксистер 1 млн 170 мың теңгеге жуық айыппұл төледі

Next Post
Қызылордада заңға бағынбаған таксистер 1 млн 170 мың теңгеге жуық айыппұл төледі

Қызылордада заңға бағынбаған таксистер 1 млн 170 мың теңгеге жуық айыппұл төледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.