Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

Қазақстан кубогының финалы Қызылордадағы жаңа стадионда өтеді

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
16.09.2025
in Спорт, Ақпарат
0
Қазақстан кубогының финалы Қызылордадағы жаңа стадионда өтеді
0
БӨЛІСУЛЕР
2
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Сурет Қызылода облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты сала басшыларымен бірге Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лориямен және кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайырмен кездесті.
Аймақ басшысы спорт саласындағы жетістіктерге тоқталып, Қазақстан кубогы финалының жұмысына сәттілік тіледі.
«Қасиетті Сыр еліне қош келдіңіздер! Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы елімізде алғашқы болып жаңа маусымды легионерсіз, отандық футболшылармен бастады. Бұл бастама шетелдік ойыншылардың көлеңкесінде қалған жергілікті футболшыларымызға мүмкіндік беріп, олардың жасыл алаңдағы кәсіби шеберлігін шыңдауға жол ашты.
Облысымызда спорт саласында ауқымды жобалар іске асырылып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соңғы үш жылда Сыр спортына қаржыландырудың барлық көзінен 64 млрд. 200 млн. теңге бөлінді. Биыл дене шынықтыру мен спортты дамытуға облыстық бюджеттен 38 млрд. 213 млн. теңге қаражат қаралды.
Қызылорда қаласында 11 мың орындық жаңа стадион бой көтерді. Спорт нысаны УЕФА талаптарына сай, материалдық-техникалық базасы соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған.
Президентіміз Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Туризм және спорт министрлігіне Футбол федерациясымен, өңір әкімдерімен бірлесіп және бизнесті тартып, клубтық футболды коммерцияландыру туралы тапсырма берген болатын. Қазіргі таңда бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта спортты қолдаудағы игі бастамалар, ауқымды жобалар жалғасын табады», – деді Н.Нәлібаев.
Басқосуда Давид Лория көрсетілген қонақжайлыққа алғысын жеткізіп, бірлесіп атқаратын жұмыстарға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Айта кетейік, жаңа стадионда олимпиадалық спорт түрлеріне арналған бокс, гимнастика, күрес, таеквондо, ауыр атлетика залдары бар. Нысан қазан айында ел игілігіне табысталады.
Бұдан бөлек, 20 млрд. 500 млн. теңгеге «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешені салынуда. Кешенде олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары, жүзу бассейні, халықаралық жарыстарды өткізуге арналған 2500 орындық зал қарастырылған.
Қазанның 4-і күні футболдан Қазақстан кубогының финалы Қызылорда қаласындағы жаңадан салынған орталық стадионда өтеді деп жоспарлануда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Жердің қорғаныш озон қабаты қалпына келіп жатыр — метеорологтер

Next Post

Қызылордада 280 пәтерлік 7 тұрғын үй иелеріне табысталды

Next Post
Қызылордада 280 пәтерлік 7 тұрғын үй иелеріне табысталды

Қызылордада 280 пәтерлік 7 тұрғын үй иелеріне табысталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.