Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Сыр өңірінде «Қазақстан халқына» қоры арқылы жүзеге асырылған қайырымдылық жобалары көрсетілді

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
24.09.2025
in Әлеумет, Ақпарат
0
Сыр өңірінде «Қазақстан халқына» қоры арқылы жүзеге асырылған қайырымдылық жобалары көрсетілді
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Әлеуметтік маңызы бар салаларды дамытуға ерекше көңіл аударған «Қазақстан халқына» қоры Қызылорда облысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз турын ұйымдастырды.

Баспасөз туры барысында қордың денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау бағыттарында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалары мен жобалары көрсетіліп, журналистерге олардың нәтижелері таныстырылды.

2022 жылдан бері облыс әкімінің бастамасымен «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен облыстың әлеуметтік саласына жалпы сомасы 10 млрд. теңгеден астам қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік нысандарды жабдықтауға, балалардың сапалы білім алуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдауға бағытталды.

Баспасөз туры барысында ең алдымен БАҚ өкілдері Қызылорда қаласындағы №6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатымен танысты. «Арнайы мектеп ұйымдарын жабдықтау» жобасы аясында бұл мекеме оқу, түзету және шығармашылық бағыттағы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қордың қолдауымен қазақ тілі кабинеті мен шеберхана жаңартылып, балалардың тілдік дағдыларын дамытуға және еңбекке баулуға мүмкіндік жасалды. Қазіргі таңда, интернатта 56 бала тәрбиеленуде, ал түлектердің бір бөлігі тігін ісін кәсіби деңгейде жалғастыруда.
Келесі бағыт – облыстық онкология орталығы. Мұнда, «QH Денсаулық жолы» жобасы аясында табысталған жылжымалы медициналық кешеннің жұмысы таныстырылды. Заманауи жабдықталған көліктер шалғайдағы елді мекен тұрғындарына қызмет көрсетіп, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беруде. Маммографиялық аппарат, жоғары деңгейлі ультрадыбыстық жүйе және компьютерлік томограф – барлығы Жапонияда жасалған жоғары дәлдіктегі құрылғылар. Бұл Қазақстанда алғаш рет қолданысқа енгізілген кешен болып табылады. Жоба халықтың сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға зор үлес қосуда.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласының Талсуат ауылында журналистер «QH Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» жобасымен танысты. Бұл бастама ерекше күтімді қажет ететін балалардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Оларға арнайы техникалық оңалту құралдары ұсынылып, ата-аналарға кәсіби кеңестер берілуде. Мұндай қолдау балалардың қоғамға бейімделуіне және тәуелсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға жол ашуда.

Баспасөз туры соңында БАҚ өкілдері Жалағаш ауданындағы Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінде болып, «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасының нәтижелерімен танысты. Жоба аясында мектеп робототехника, STEM-зертхана, физика және химия кабинеттерімен жабдықталды. Сонымен қатар, мұғалімдерге зияткерлік мектептерінің педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстары өткізілген. Бұл ауыл мұғалімдеріне жаңа әдістемелерді меңгеріп, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беруде.

Баспасөз турға қатысқан журналистер қордың аймақтағы бастамаларының маңыздылығына көз жеткізіп, халыққа нақты жеткен көмекті өз көздерімен көрді.

Өз кезегінде «Қазақстан халқына» қорының өкілдері алдағы уақытта осы бағыттағы жобаларын жалғастыра беретінін жеткізді.

Previous Post

Бала құқығы мен қауіпсіздігі – қатаң бақылауда

Next Post

Қорғаныс министрлігі MyArmy.kz порталын іске қосты

Next Post
Қорғаныс министрлігі MyArmy.kz порталын іске қосты

Қорғаныс министрлігі MyArmy.kz порталын іске қосты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.