Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат

«Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты хакатон жобасы өз жұмысын бастады

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
16.10.2025
in Ақпарат
0
«Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты хакатон жобасы өз жұмысын бастады
0
БӨЛІСУЛЕР
12
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

14 қазан күні елімізде ерекше мәнге ие «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты республикалық хакатон жобасы өз жұмысын бастады. Бұл бастама –  «Ауыл» партиясы мен Acapedia Kazakhstan Limited компаниясының бірлескен күш-жігерінің нәтижесі. Жоба жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің шығармашылық әлеуетін шыңдап, жастардың жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Қазіргі заманда инновациялар мен тұрақтылық — бұл еліміздің тұрақты дамуының негізгі тіректері. Сондықтан да осындай жобалар жастарға өз идеяларын ашық ортада ұсынуға, оларды іске асыру жолдарын іздеуге, әрі соның нәтижесінде қоғамға пайда әкелетін өнімдер мен қызметтер жасауға мүмкіндік береді. Хакатонға қатысушылар интеллектуалдық қабілеттерін сынап, командада жұмыс істеу шеберлігін дамытып, сондай-ақ Қазақстанның дамуына қосар үлес туралы терең ой толғауға шақырылады.
«Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» жобасы бір күннің ішінде Қазақстанның барлық өңірлерін қамтып, өңірлік деңгейдегі сайыстың үздік командалары 24 қазанда өтетін республикалық кезеңде бақтарын сынайды. Бұл жастарға өз өңірлерін танытуға, ұлттық деңгейде бәсекеге түсуге және тәжірибе жинауға таптырмас мүмкіндік.
Қызылорда облысында бұл шара «Ауыл» партиясының өңірлік филиалы ұйымдастырды. Мұнда 25 студент 13 командаға бөлініп, өздерінің инновациялық жобаларын қорғады. Командалар түрлі салаларда — технология, білім, экономика, әлеуметтік мәселелер — тың идеялар ұсынды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша, «Financio» жобасы жеңімпаз атанды. Бұл жоба қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған, әсіресе әртүрлі жастағы топтарға, яғни, оқушылардан бастап студенттер, жас мамандар және ересектерге дейін қаржыны дұрыс басқару дағдыларын үйрету мәселесін шешуді көздейді. Қазіргі әлемде қаржылық білімнің маңызы ерекше болғандықтан, бұл жоба қоғамда кең қолдау табатыны сөзсіз.
Жобаның авторлары – Нұрбол Оналбеков Нұрбол, Нұрбек Әбілдаев және Азамат Дарменбаев 24 қазанда өтетін республикалық кезеңде өздерінің өнерлерін тағы бір мәрте көрсетеді деп күтілуде. Бұл – олардың ғана емес, бүкіл Қызылорда облысының да үлкен жеңісі.
Осындай бастамалар жастардың бойында инновацияларға деген құштарлықты оята отырып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне жаңа серпін береді. «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты хакатон жобасы – болашаққа жасалған инвестиция. Оған қатысушылар – елдің жарқын келешегінің кепілі.

Previous Post

Рақымшылық заңы: Қызылордада 150-ге жуық адам жазасын өтеуден босатылды

Next Post

Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды

Next Post
Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды

Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.