Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Билік

Өскеменде «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме өтті

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
22.09.2025
in Билік
0
Өскеменде  «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме өтті
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

 

Абайдың 180 жылдығына арналған «Сұлу Сырдан — шырайлы Шығысқа» атты Қызылорда облысының өнер күндері Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде жалғасты. Сыр елінің сәлемін еліміздің шығысына жеткізген делегацияны облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастап барды. Делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар.
Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылып, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және өскемендіктер
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды жәдігерлермен танысты.
Кейінгі жылдары музей қоры ежелгі қалалар орнынан табылған жәдігерлерді негізге алып қайта жаңғыртылған «Шірік Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы», «Түгіскен көсемі», «Жетіасар ақсүйек әйелі» археологиялық реконструкцияларымен толыққан болатын. Бүгінгі көрмеге келушілер осы жәдігерлерге ерекше назар аударды.
Археологиялық экспедициялар кезінде табылған алтындар коллекциясы да осы жерден орын алған. Ежелгі өркениеттің бесігі саналатын Шірік Рабат және Бәбіш мола қалашықтарынан табылған алтын жапсырмалар сол дәуірдің көзіндей. Сондай-ақ, көрмеге орта ғасырларда сауда-саттық пен мәдениеті өркендеген Сығанақ қалашығынан табылған алтын сырғалар, тұмар, түймелер және маржан моншақтардың түпнұсқа коллекциясы қойылған. Шығыс жұртшылығы Жанкент, Асанас, Қышқала, Сығанақтан табылған терракоталар, глазурлі қаптамалар, қыш ыдыстар және Бидайықасар қалашығынан табылған қоссаз домбыра көшірмесін де қызыға тамашалады.
Көрмедегі зергерлік және тұрмыстық бұйымдардың орны бөлек. Өңіржиек, жырға, алқа, ағаш жиһаздар, ыдыстар, тері бұйымдары Сыр бойында қолөнердің бай мұрасы сақталғанын көрсетеді. Қару-жарақ коллекциясындағы қылыш, айбалта, семсер, шоқпар, найза, қалқан, жебе тарихтан сыр шертеді.
«Деде Қорқыт» кітабының Дрезден нұсқасы, нар қобыз, ЮНЕСКО сертификаты, кәдесыйлар, Марал ишанның көк асасы, Керей ерінің түпнұсқасы, Қалқай ишан, Сердалы Бекшорин, Ер Сейтпенбет, Бұқарбай батырдың мөрлердің көшірмелері де көрмеге келушілер қызығушылығын туғызды.
Сондай-ақ, Абайдың 1922 жылы жарық көрген өлеңдер жинағы мен Қызылорданың астана болған кезеңінің фото және архив құжаттары көрме құндылығын арттыра түсті.
Еске салайық, кеше «Сыр өңірі — түркі өркениетінің алтын бесігі» көрмесі Абай облысының жұртшылығына ұсынылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Сыр өңірінің делегациясы Өскемендегі нысандармен танысты

Next Post

«Сұлу Сырдан – Шырайлы Шығысқа» атты Қызылорда облысының өнер күндері Өскеменде жалғасты

Next Post
«Сұлу Сырдан – Шырайлы Шығысқа» атты Қызылорда облысының өнер күндері Өскеменде жалғасты

«Сұлу Сырдан – Шырайлы Шығысқа» атты Қызылорда облысының өнер күндері Өскеменде жалғасты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.