Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат

«Электр энергиясы қымбаттайды, мүлік салығы міндетті түрде төленуі керек»: Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
01.10.2025
in Ақпарат, Әлеумет
0
0
БӨЛІСУЛЕР
2
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Қазақстанда 1 қазаннан бастап «Отбасы банк» жалдау және ипотека төлемдерін онлайн жүйе арқылы қабылдауды шектейді. Сондай-ақ электр энергиясы 20%, ал АҚШ визасы 250 доллар қымбаттайды. Stan.kz ақпарат агенттігі осы айда тағы қандай маңызды өзгерістер болатынын толығырақ қамтыды.
«Отбасы банк» шектеуі

Биыл 1 қазаннан бастап «Отбасы банк» жалдау және ипотека төлемдерін онлайн жүйе арқылы қабылдауды шектейді. Енді төлемдер тек жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін банктің бөлімшелерінде немесе «Баспана Маркет» порталы арқылы ғана жүзеге асырылады.

Портал арқылы түскен өтінімдер үш жұмыс күні ішінде қаралады. Сондықтан банк клиенттерге төлемдерді алдын ала жасауға кеңес береді.

1 қазанға дейін мүлік салығын төлеуді ұмытпаңыз

1 қазанға дейін жеке тұлғалар 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеуге тиіс. Салық нысанның құны мен оны иелену мерзіміне қарай есептеледі.

Кейбір санаттағы азаматтар (ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар, зейнеткерлер және т.б.) жеңілдіктерге ие. Уақытында төлемеген жағдайда қарызға айыппұл қосылып, шоттарға тыйым салынады. Сондай-ақ шетелге шығуға шектеу қойылуы мүмкін. Салықты e-Salyq Azamat, банктердің қосымшалары, egov.kz және банкоматтар арқылы төлеуге болады.

1 қазаннан бастап алматылықтар үшін электр энергиясы 20% қымбаттайды

Алматы қаласы мен Алматы облысында электр қуатының бағасы кВт/сағ үшін 31,85 теңгеден 38,1 теңгеге өспек. Алматылықтар үшін жарық 19,6% қымбаттамақ. Мұны өңірдегі ең ірі энергия тасымалдаушы ұйым «ЭнергоСбыт» («Алатау Жарық Компаниясы» филиалы) өкілдері мәлімдеді.

Кәсіпорын өз шешімін «Алатау Жарық Компаниясы» өнеркәсіптік желілері арқылы электр энергиясын тасымалдау тарифтерінің 1 кВт/сағ үшін 12,96 теңгеден 14,25 теңгеге дейін немесе 10% көтерілуімен түсіндірді.

«ЭнергоСбыт» өкілдерінің айтуынша, ҚТЖ желілері арқылы электр энергиясын тасымалдау тарифтерінің 1 кВт/сағ үшін 3,66 теңгеден 5,41 теңгеге дейін немесе 47,8% көтерілуі бағаны көтеруге әсер етті.

Отырысқа төрағалық еткен табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова заң бойынша компаниялардың кем дегенде ай сайын тарифтерді көтеру туралы хабарлама жіберуге құқығы бар екенін атап өтті.

Азаматтар «ЭнергоСбыттың» жоспарларына көңілі толмайтынын айтып, компанияның кадрлық және тарифтік саясатын сынға алды.

АҚШ визасы қымбаттайды

1 қазаннан бастап АҚШ жаңа визалық алым енгізеді. Оның бастапқы мөлшері 250 доллар (шамамен 135 мың теңге) болады.

Golf News дерегінше, бұл төлем Visa Integrity Fee («адалдық алымы») деп аталады және туристік, еңбек, студенттік әрі өзге де қысқа мерзімді визаларға қолданылады. 2025 жылдың қазанына дейін алым көлемі 250 доллар болып бекітілсе, 2026 жылдан бастап ол тұтыну бағалары индексіне сәйкес, инфляцияны ескеріп жыл сайын қайта қаралады.

Еліміздегі алғашқы АЭС-ке ең үздік атау беру байқауы басталды

Атом энергиясы жөніндегі агенттік мәліметінше, байқауға елдің әрбір тұрғыны eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қатыса алады.

Қатысу үшін тілді (қазақ немесе орыс) таңдап, өз атау нұсқаңызды ұсыну, қажет болса оның мағынасын қысқаша сипаттау және байқаудың ресми ережелерімен танысқаныңызды растау қажет.

Ұсыныстар 10 қазан күні сағат 23:59-ға дейін қабылданады.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» екінші матч өткізеді

«Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасы аясында екінші өз алаңындағы ойынын өткізеді. Алматылық команданың қарсыласы Кипрдің «Пафос» клубы болмақ. Кездесу 21 қазан, сейсенбі күні өтеді. Басталуы – 21:45.

Қазан “ең кәсіби ай” болмақ

Қазан айында бірден бірнеше кәсіби мерекелер атап өтіледі:

Радио күні – 1 қазан;

Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – 6 қазан;

Қазақстан кәсіподақтары күні – 10 қазан;

Құтқарушы күні – 19 қазан;

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні – қазан айының үшінші жексенбісі;

Кітапханашы күні – 24 қазан;

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі;

Қауіпсіздік ұйымдары қызметкерлерінің күні

Previous Post

«Ішім ашып тұр»: Шиелі тұрғыны «Қайрат»-«Реал» матчының билетіне көлігін айырбастап жіберген

Next Post

Қызылордада 11 мың орындық жаңа стадион ашылды

Next Post
Қызылордада 11 мың орындық жаңа стадион ашылды

Қызылордада 11 мың орындық жаңа стадион ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.