Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат

Бестамда жаңа 150 орындық клуб ашылды

Шиелі ауданының Бестам ауылында ауыл өміріне жаңа серпін беретін мәдени нысан пайдалануға берілді. Жобаның ашылуына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, тұрғындарды жаңалықпен құттықтады. Жаңа клуб өңірдегі мәдени дамудың жаңа орталығына айналмақ.

Zhuzbai by Zhuzbai
22.11.2025
in Ақпарат
0
Бестамда жаңа 150 орындық клуб ашылды
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданына қарасты Бестам ауылында 150 орындық жаңа клубтың пайдалануға беру рәсімі ұйымдастырылды. Шараға құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері және ауыл халқы қатысты.

Аймақ басшысы өңірде жүзеге асқан оң өзгерістерге тоқталып, жиналғандарға өз құттықтауын жеткізді.

«Президентіміздің Сыр өңірінің өсім қарқынына, көрсеткен еңбегімізге берген жоғары бағасы — баршамыз үшін үлкен мәртебе.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылдың қарашасында Президент қызметіне кіріскеннен кейінгі ең алғашқы қол қойған Жарлығы — «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» болды.

Ауылдарды өркендету — мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық мақсаты саналады. Президент Үкімет пен облыс әкімдеріне ұсынылған қолдауды ұтымды пайдаланып, ауыл тұрғындарының кірісін арттыру және экономикасын жоғары деңгейге көтеру міндетін жүктеді. Қазір облыстың 447 мың тұрғыны (жалпы халық саны 845 мың адам), яғни 53 пайызы ауылдық жерде өмір сүреді.

Биыл Шиелі ауданының бюджеті 17 млрд теңгеден асты. Энергетика, ауыз су, газдандыру бағыттарында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Шиелі электр желісінің қосалқы станциясы 4 млрд 480 млн теңгеге толық жаңартылды.

Осы игі істердің жалғасы ретінде бүгін Бестам ауылында 429 млн теңгеге тұрғызылған 150 адамдық жаңа клубты халық игілігіне ұсыну үшін жиналып отырмыз.

Ауылдық клуб мәдени жаңғырудың ордасына айналсын! Қуаныштарыңыз құтты болсын!», — деді Н. Нәлібаев.

Шиелі ауданында жеке инвесторлар есебінен 6 млрд теңгеге қуаттылығы 20 МВт болатын, құны 1 млрд 500 млн теңге болып есептелетін күн-электр станциялары салынып жатыр. Аудан халқының 100 пайызы сапалы ауыз суға қол жеткізіп, 16 елді мекен табиғи газға қосылған. Жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараты, аудандық аурухана жанынан салынған қосымша нысан пайдалануға берілді. Онда жаңа МРТ аппараты орнатылуда. Заманауи талаптарға сай бұл мекемелер тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді.

Биылғы оқу жылында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» іске қосылды. Жыл аяқталғанша кезекте тұрған азаматтарға 52 пәтерден тұратын 26 жаңа тұрғын үй табысталмақ.

Ал бүгін ашылған клубтың бас мердігері — «Дәнекер» ЖШС. Ғимаратта ән, хор, би, қолөнер үйірмелері жұмыс істеп, кітапхана орналасады. Бұл орын ауыл жастарының басын қосатын, өнерге бағыттайтын рухани орталыққа айналады.

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық алға басуына үлес қосқан ардагерлер мен жаңа нысанды салуға атсалысқан құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Еңбек ардагері Әшім Оразбекұлы жаңа нысанға ақ батасын берді.

Tags: Бестам ауылыҚызылордаШиелі ауданы
Previous Post

Жаңақорған ауданында автоматты газ тарату станциясы ашылды

Next Post

Қызылордада ардагерлер кеңесінің көшпелі жиыны өтті

Next Post
Қызылордада ардагерлер кеңесінің көшпелі жиыны өтті

Қызылордада ардагерлер кеңесінің көшпелі жиыны өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.