Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат

Қызылордада тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға жаңа пәтердің кілті табысталды

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
14.08.2025
in Ақпарат, Әлеумет
0
Қызылордада тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға жаңа пәтердің кілті табысталды
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

 

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қала аумағында бой көтерген 5 қабатты тұрғын үй кезекте тұрған отбасыларға табысталды. Салтанатты шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге тоқталып, жаңа қоныс иелеріне құттықтауын жеткізді.
«Биыл ұлтымыздың тарихи «Қазақ» атауының қайтарылғанының, Қызылорданың Қазақ елі астанасы болғанының 100 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Мерейлі жыл аясында аймағымызда сәулеті келіскен, әсем де замануи ғимараттар бой көтеріп келеді.
Бұл – жыл сайын тамыздың екінші жексенбісінде кәсіби мерекелерін атап өтетін құрыш қолды құрылысшыларымыздың қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Бүгін жерлестеріміздің баспаналы болу қуанышына ортақтасып, пәтер кілтін табыстау рәсіміне жиналдық.
Аймағымызда тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды ірі инфрақұрылымдық жобалар бар.
Облыс бойынша 96 жобаның құрылысы жүруде.
Жақында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы өз жұмысын бастады.
Физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің жаңа ғимараттары ел игілігіне пайдалануға берілді. Облыстық тарихи-өлкетану музейі салтанатты түрде ашылды.
Президентіміздің қолдауымен Қызылорда қаласында 11 мың орындық жаңа стадион, «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен құны 2 млрд. 900 млн. теңге болатын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүруде. Сыр жұртшылығы асыға күткен нысандар алдағы қыркүйек айында ашылады.
Облыс орталығында көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешені,
Ассамблеяның 30 жылдығы аясында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының» қолдауымен жаңадан «Достық үйі» бой көтеруде.
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында облыс орталығының озық сәулеттік үлгісін қалыптастырып, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын, саябақтар мен мәдени-демалыс орындарды абаттандырудамыз. Орталық алаң қайта жаңғыртудан өтті. Қазіргі таңда шаһардағы Президент саябағында, Қорқыт Ата мемориалды аллеясында қызу жұмыс қарқын алған. Жаздың басында қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркі ашылды. Алдағы уақытта облыс орталығындағы 50-ге жуық парк, сквер, аллеяларды кезең-кезеңімен жаңғыртамыз.
Баспаналы болу әрбір отбасыны жақсылыққа жетелейді. Жаңа баспаналарыңыздың іргетасы берік, қабырғасы мығым, ішіндегі әр отбасының шаңырағы татулық пен берекеге толы болғай!», — деді Н. Нәлібаев.
Рәсімде Наурызбай Байқадамов жаңа пәтер иелеріне құттықтауын жеткізіп, қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов батасын берді. Сонымен қатар тұрғын үйді салған мамандар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, соңғы үш жылда облысымызда қаржыландырудың барлық көздерінен 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 5 мыңнан аса пәтер сатып алынып, 25 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлады.
Барлық аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ға жуық пәтер иелеріне табысталды.
Биыл тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан 3 800 дайын пәтерді сатып алуға бюджеттен қаржы бөлінді.
Қаржыландырудың барлық көздерінен 870 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі.
Қызылорда қаласының өзінде соңғы үш жылда тұрғын үй құрылысы мен пәтер сатып алуға 64 млрд. 97 млн. теңге қаралып, 5 600 пәтер жерлестерімізге табысталған.
Биыл жыл соңына дейін 3 мыңға жуық пәтер беру көзделген.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Қызылордада бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды

Next Post

Құрыш қолды құрылысшылар құрмет төрінде

Next Post
Құрыш қолды құрылысшылар құрмет төрінде

Құрыш қолды құрылысшылар құрмет төрінде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.