Вторник, 10 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Билік

Ата заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасы таныстырылды

Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және сарапшылардан түскен барлық ұсыныстың негізінде әзірленді.

Zhuzbai by Zhuzbai
29.01.2026
in Билік
0
Ата заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасы таныстырылды
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңартылған Конституция жобасында преамбула, 11 бөлім және 104 бап бар. «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізілген. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгерді. Жалпы, өзгерістер мен толықтырулар Ата заңның барлық бөлімдерін қамтып, 77 бапқа түзетулер енгізілді. Бұл Конституция мәтінінің 84%-ын құрайды.
«Ұсынылған өзгерістер – маңызды әрі ақылға мұқият салынған қадам, олар тұжырымдамалық тәсілдерді өзгертіп, құқықтық дәлдікті нығайтып, Конституцияның сапасын арттырады», – деп атап өтті Конституциялық комиссияның мүшесі.
Жиынтық жоба білікті заңгерлер мен лингвистерден құралған жұмыс топтарында қатар пысықталуда. Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, мамандар Конституцияның нормаларын дұрыс жазу, мағыналық сәйкессіздіктер мен қарама-қайшылықтарды, сондай-ақ түсініксіздіктерді болдырмауда үлкен жұмыс атқарды. Жиынтық жобада ұсынылған новеллалар Қазақстанның конституциялық негіздерін қамтып, оның келбетін түбегейлі өзгертеді. Бұл түзетулер көзделген институционалдық және құрылымдық реформалар үшін үлкен әлеуетке ие.
«Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру және қорғау кепілдіктері күшейтіліп жатыр. Президенттік басқару формасын сақтай отырып, мемлекеттік билік құрылымы айтарлықтай өзгереді», – деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар негізгі өзгерістерді де атап өтті: жаңа бір палаталы Парламент моделі енгізіледі, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктері кеңейеді, Конституциялық соттың құқық қорғау тетіктері мен Ата заң негізінде құқық үстемдігін қамтамасыз ету бойынша қызметінің тиімділігі артады. Бақыт Нұрмұхановтың хабарлауынша, конституциялық новеллалар мемлекет миссиясын, оның функцияларының мазмұнын, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынас қағидаттарын жаңа қырынан түсінуге мүмкіндік береді, азаматтық қоғам институттарын мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге кеңінен тартуға жол ашады.
Отырыста Қазақстан Конституциясының преамбуласының редакциясы толықтай жаңартылатыны, неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтілетіні, Халық Кеңесі барлық азаматтардың мүддесін білдіретіні, мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіні және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалатыны айтылды.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде комиссия отырыстарына, жекелеген жұмыс секцияларындағы талқылауларға қатысуда.

Previous Post

Қызылорда қаласында 517 жұмыскердің құқығы қалпына келтірілді

Next Post

HARVEST AGRO компаниясы Қызылорда облысында ірі инвестициялық жобаны іске асыруда

Next Post
HARVEST AGRO компаниясы Қызылорда облысында ірі инвестициялық жобаны іске асыруда

HARVEST AGRO компаниясы Қызылорда облысында ірі инвестициялық жобаны іске асыруда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қызылордада жаңа емханалар мен перинаталдық орталық салынады
  • Қызылордада жаңа кітапхана мен драма театр салынады
  • КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.