Понедельник, 12 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Арал ауданының Жалаңаш ауылында 150 орындық мектеп пайдалануға берілді

Арал ауданының Мергенсай ауылдық округіне қарасты Жалаңаш ауылында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен ауыл тұрғындарының қатысуымен 150 орындық мектептің ашылу рәсімі өтті.

Zhuzbai by Zhuzbai
11.01.2026
in Білім
0
Арал ауданының Жалаңаш ауылында 150 орындық мектеп пайдалануға берілді
0
БӨЛІСУЛЕР
0
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты шәкірттердің жарқын болашағына қызмет ететін жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.
“Өздеріңізге белгілі, «Түркістан» газетіне Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» тақырыбында кең көлемді сұхбаты жарияланды.
Сұхбатта Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңғыру жолында қарышты қадам басып, барынша өркениетті ел бола бастады. Қоғамда өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін түбегейлі өзгеріс жасау аса маңызды екені туралы нақты түсінік қалыптасты», -деп атап өтті.
Биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды дамытудың ұзақ жылдарға арналған
бағыт-бағдарын айқындайтын жыл болатынын жеткізді.
Біздің ең бірінші міндетіміз — балаларымыздың жан-жақты, сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру.
Бәсекеге қабілетті, заманның жаңа шақыртуларына дайын, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу — мемлекет алдындағы стратегиялық маңызды мәселе.
Аймағымыздың білім беру саласына 2022-2025 жылдары
1 трлн. 159 млрд. теңге бөлінді.
2022 жылдан бері 42 заманауи білім беру нысаны салынып, пайдалануға берілді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынып, ел игілігіне табысталды.
2023 жылдан бері 9 мектеп жанынан қосымша ғимарат бой көтеріп, үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.
Баршаңызды жаңа мектептің ашылуымен құттықтаймын!
Бұл — жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын озат оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау“,- деді Н.Нәлібаев.
Рәсімде тынымсыз еңбегімен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ел ағалары мен мектеп құрылысын салған “Бақ-береке” серіктестігі қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Аймақ басшысы мердігер мекеме ұжымына мектеп ғимаратын сапалы салып, мерзімінде аяқтағаны үшін алғыс білдірді.
Жұлдыз Сүлейменова еліміздің білім саласындағы жобаларға тоқталып, Сыр өңіріндегі серпінді жұмыстарды атап өтті.
“ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен “Келешек мектептері” жобасы жүзеге асуда. Ұлттық жоба аясында 217 мектеп салынды, сол мектептердің 84-і ауылдарда бой көтерді. Бүгін, міне Арал ауданының ең шалғай ауылында жаңа мектеп ашылды. “Келешек мектептерінің” стандартымен, халықаралық талаптарға сай салынған білім ордасы ауылға жеткенінің куәсі болдық. Мемлекет басшысының ұстаздарға деген қамқорлығы ерекше, соның арқасында мұғалімдердің қоғамдағы мәртебесі арта түсті. Бүгінде ұстаз мамандығы еліміздегі ең тартымды мамандықтардың біріне айналды”, -деді Оқу-ағарту министрі.
Сонымен қатар, Мұрат Әбенов тұрғындарды құттықтап, Мергенсай ауылдық округінің қоғамдастық кеңесінің төрағасы Әсемхан Әбілов бата берді.
Өткен жыл аралдық ағайындар үшін ерекше берекелі жыл болды. Маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, әлеуметтік нысандар салуға бюджеттен 38 млрд. 740 млн. теңге қаржы бөлінді.
Бүгін жаңа білім ұясы ашылған Жалаңаш ауылы аудан орталығынан 60 шақырым қашықта орналасқан, мұнда 686 адам тұрады.
Еске салайық, «Білімді қолдау қоры» арқылы облыс орталығында физика-математика бағытындағы «Білім-инновация»
лицей-интернаты ел игілігіне табысталды. Соңғы үш жылда
15 мектеп ғимараты күрделі жөнделген.
Президент тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда өңірдегі 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді.
Previous Post

«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті

Next Post

Байқоңыр қаласындағы мектеп-лицейдің материалдық базасымен танысты

Next Post
Байқоңыр қаласындағы мектеп-лицейдің материалдық базасымен танысты

Байқоңыр қаласындағы мектеп-лицейдің материалдық базасымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Байқоңыр қаласындағы мектеп-лицейдің материалдық базасымен танысты
  • Арал ауданының Жалаңаш ауылында 150 орындық мектеп пайдалануға берілді
  • «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті
  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.