Среда, 29 апреля, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Шиелі ауданында «Оқушылар үйі мен Өнер мектебі» ашылды

Жүзбай Танрахбаев by Жүзбай Танрахбаев
27.08.2025
in Білім, Ақпарат
0
Шиелі ауданында  «Оқушылар үйі мен Өнер мектебі» ашылды

default

0
БӨЛІСУЛЕР
2
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституция күні мен Білім күніне орай Шиелі ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» ашылды. Салтанатты басқосуға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы аудан тұрғындарын құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Биыл ел тәуелсіздігінің берік тұғыры, зайырлы егемендігіміздің негізі саналатын Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толды. Өңірімізде
Президентіміздің тапсырмасын орындауға, жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беруге бағытталған жүйелі жұмыс атқарылуда.
Бүгін Өздеріңізбен жаңа оқу жылы қарсаңында шежірелі Шиеліде 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебінің» ашылуында бас қостық.
Жалпы құны 1 млрд. 68 млн. теңге болатын жаңа «Оқушылар үйінде» 28, «Өнер мектебінде» 8 үйірме жас ұрпақтың жан-жақты азамат болып қалыптасуына қызмет етпек.
Білім мен өнердің ордасына айналатын жаңа ғимараттан Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев, шежірелі қаламгер Өркен Исмаил, айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Мейірбек Сұлтанхан сынды Сыр өңірінің мерейін асқақтатып, атын танытатын дарындылар шығады деп сенеміз!
Баршаңызды жаңа нысанның ашылуымен тағы да құттықтаймын!», — деді Н.Нәлібаев.
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында елеулі еңбек еткен азаматтар мен жаңа нысанды сапалы әрі мерзімінде салған мердігер мекеме қызметкерлеріне Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов ізгі тілектерін жеткізіп, білім саласының ардагері, Шиелі ауданының құрметті азаматы Кенжетай Палмағанбетов бата берді.
Ауданға жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы күрделі жөндеуден өткен №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің жұмысымен танысты. «СК и Монтаж-строй» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын мамыр айында бастап, тамыз айында аяқтатады. Мұнда 200-ге жуық мұғалім қызмет етіп, 1 мыңнан астам оқушы білім алады.
Еске салайық, аймағымыздың білім беру саласына соңғы үш жылда 812 млрд. 245 млн. теңге, биыл 346 млрд. 800 млн. теңге қаралды. Қаржыландырудың барлық көзінен өткен жылы 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды.
Қосымша білім беру жүйесін дамыту мақсатында үш жылда 4 «Оқушылар үйі» мен 2 «Өнер мектебі» салынып, зияткер жас ұрпақтың игілігіне қызмет етіп келеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шиеліде жұқпалы аурулар бөлімшесі жұмысын бастады

Next Post

Қазақстанда несие алудың жаңа ережесі енгізілді

Next Post
Қазақстанда несие алудың жаңа ережесі енгізілді

Қазақстанда несие алудың жаңа ережесі енгізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ана-әлемнің бесігі Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Марат Дүйсенбаев Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Таза Қазақстан Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы дроппер. жылу интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУ: ПОЛИЦИЯҒА 100 ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
  • БІРҚАТАР АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ
  • СЫР ӨҢІРІНДЕ ЕГІН АЛҚАБЫНА АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.