Суббота, 13 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты мәжіліс өтті. Онда әріптестері осы уақытқа дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ардақ Темірханұлы Зебешевті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалуына байланысты құрметпен шығарып салды.

Zhuzbai by Zhuzbai
09.06.2026
in Ақпарат
0
ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
0
БӨЛІСУЛЕР
0
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Аймақ басшысы Ардақ Темірханұлының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инвестициялық әлеуетін арттыруға және кәсіпкерлікті қолдауға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
«Ардақ Темірханұлы 2024 жылдың ақпан айынан бері облыс әкімінің орынбасары ретінде инвестиция тарту және кәсіпкерлік салаларына жетекшілік етті. Оның үйлестіруімен өңірдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп, Мемлекет басшысының инвестициялық экожүйені қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруда нақты нәтижелерге қол жетті.
Осы кезеңде өңірге 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, соңғы екі жылда жалпы құны 339 млрд теңгеден асатын 48 инвестициялық жоба жүзеге асты. Нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, халықаралық әріптестік байланыстар аясы кеңейді», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Ардақ Зебешевтің жетекшілігімен «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шетелдік инвесторлармен нәтижелі келіссөздер жүргізіліп, испаниялық «Roca Group» компаниясының санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын зауыты мен швейцариялық «Harvest Group» компаниясының агроиндустриялық кластер құру жобалары бастау алды.
Қытай Халық Республикасымен ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларына озық технологиялар енгізуге бағытталған 9 келісімшартқа қол қойылды. Энергия үнемдейтін шыны өндірісі, заманауи кірпіш зауыты, кондитерлік және макарон өнімдерін шығаратын өндірістік кешендер іске қосылды.
Бұдан бөлек, Сыр өңірінің мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттау және ынтымақтастықты дамыту бағытында Финляндия, Эстония, Испания, Швейцария және Франция мемлекеттерінде өткен өнер күндерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлес қосты.
Ардақ Темірханұлына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлының Алғыс хаты, Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы және «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.
Сонымен қатар, мәжілісте Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегеновтің құрметті зейнет демалысына шығуына орай, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен облыс прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалған Дүйсенбаев Нұрболат Серікұлы таныстырылды.
Tags: Ардақ Темірханұлы ЗебешевМұрат Ергешбаев
Previous Post

«СЫР СУЫ» ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Next Post

ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ БЛОГЕРЛЕР ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЯБАҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

Next Post
ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ БЛОГЕРЛЕР ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЯБАҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ БЛОГЕРЛЕР ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЯБАҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы Astana Hub INNO.Fest Qyzylorda «СЫР СУЫ» ФИЛИАЛЫ Абай Сейфуллаұлы Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ана-әлемнің бесігі Ардақ Зебешев Ардақ Темірханұлы Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Дастан Мұхамедрахым Джо Хаттабқа (HATAB JEHAD JAMAL TAWFIQ) Жанерке Жақсылық Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Марат Дүйсенбаев Мағжан Мәдиев Мақсұт Нәлібаев Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұржан Ахатов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Таза Қазақстан Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы Шиелі Қайрат Нұртай Қанағат Сақтағанов Қорқыт Ата университеті Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы Әмиша Ержан Шынтемірұлы өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • ҚАМЫСТЫБАС ЖӘНЕ ЖАНҚОЖА БАТЫР АУЫЛДАРЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ АШЫЛДЫ
  • КАЛЬЦИЙЛЕНГЕН СОДА ӨНДІРУ ЗАУЫТЫ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ «ALEM AI» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ
  • «ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТ – МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ КЕПІЛІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.