Суббота, 2 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат

«QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНА 35 ЖЫЛ: АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДАҒЫ АЙТУЛЫ БЕЛЕС

«Достық үйінде» «Qyzylorda» телеарнасының 35 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Қазақстан» Республикалық телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамының бас редакторы Болат Мүрсәлім, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстық телеарналарының директорлары, мәслихат депутаттары және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Zhuzbai by Zhuzbai
02.05.2026
in Ақпарат
0
«QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНА 35 ЖЫЛ: АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДАҒЫ АЙТУЛЫ БЕЛЕС
0
БӨЛІСУЛЕР
0
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы телеарна ұжымын мерейтойымен құттықтап, өңірдің ақпараттық кеңістігін дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз озық ойлы ұлт болуымыз қажет. Көш бастайтын елдердің қатарына қосылуымыз керек. Бір ел болып, жұдырықтай жұмылсақ, бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Осы ортақ жұмысқа журналистер қауымы да зор үлес қосып жүр. Сіздерді реформаның қозғаушы күші деп айтуға болады», – деп атап өтті.
«Qyzylorda» телеарнасындағы білікті әрі тәжірибелі мамандар заманға сай озық техникалар мен жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланып, журналистикадағы жаңа бастамаларды ақпарат айдынына батыл енгізіп келеді.
Аймағымыздың жетекші арнасы ел өміріндегі саяси маңызды оқиғалар туралы ақпаратты жылдам таратып, жағымды жаңалықтардың хабаршысы болуда. Телеарна эфирге шыққан 35 жыл ішінде халық шығармашылығын дамыту мен жергілікті музыкалық контентті қалыптастыруға айрықша басымдық берді.
Бүгінде «Ботақан» балалар телефестивалі, «Сыр жұлдыздары» ән байқауы, «Жыр керуен», «Асыл мұра», «Сыр сүлейін сұрасаң…», «Ғасырлар үні» секілді дәстүрлі музыканы насихаттайтын тағылымды жобалар телеарнаның алтын қорын толықтырды.
Сыр өңірінің жылнамасын, Тәуелсіздік шежіресін қалыптастырудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге зор ризашылығымды, алғысымды білдіремін. Ақпарат айдынында заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқара бергейсіздер!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Жиында корпорацияның бас редакторы Болат Мүрсәлім Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтауын оқып берді, «Құрмет» орденінің иегері Жағыппар Қарабала сөз сөйледі.
Кәсіби шеберлігі мен телевизия саласындағы қажырлы еңбегі үшін бірқатар азаматқа ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері», төсбелгісі, облыстың Құрмет Грамотасы, облыс әкімнің Алғыс хаты, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды.
Continue Reading
Previous Post

АЙМАҚ БАСШЫСЫ «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Next Post

«ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚТЫҢ МЕКЕНІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Next Post
«ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚТЫҢ МЕКЕНІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

«ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚТЫҢ МЕКЕНІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ана-әлемнің бесігі Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Марат Дүйсенбаев Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Таза Қазақстан Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы дроппер. жылу интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • «ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚТЫҢ МЕКЕНІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
  • «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНА 35 ЖЫЛ: АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДАҒЫ АЙТУЛЫ БЕЛЕС
  • АЙМАҚ БАСШЫСЫ «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
  • «АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.