Суббота, 27 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат

АЙМАҚ БАСШЫСЫ «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Қазақстан» Республикалық телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамының бас редакторы Болат Мүрсәлім облыстық «Qyzylorda» телеарнасының жұмысымен танысты.

Zhuzbai by Zhuzbai
02.05.2026
in Ақпарат
0
АЙМАҚ БАСШЫСЫ «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
0
БӨЛІСУЛЕР
0
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна алғаш рет 1991 жылдың 30 сәуірінде эфирге шығып, 35 жылдан бері өңір тұрғындарын үздіксіз әрі жедел ақпаратпен қамтамасыз етіп келеді.
Осы жылдар аралығында отандық журналистиканың үздік мектептерінің бірі болып қалыптасты, арна тілшілері Тәуелсіздік жылдарындағы Сыр өңірінің шежіресін жасауға атсалысты. Шығармашылық ұжым дайындаған сюжеттерде, бағдарламаларда жұртшылықтың ойы мен пікірі, талабы мен тілегі айқын көрініс табады.
Телеарна ғимараты үш және төрт қабатты екі блоктан тұрады, жалпы аумағы 3500 шаршы метр. Заманауи талаптарға сай жабдықталған 4 студия бар. Атап айтқанда, қойылымдық хабарларға арналған түсіру павильоны, жаңалықтар, виртуалды және дыбыс жазу студиялары. Биыл ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, материалдық-техникалық базасы жаңартылды.
Бүгінде телеарна цифрлық форматта тәулігіне 15 сағат хабар таратады. Жаңалықтар күніне жалпы 8 рет, оның 6-ы тікелей эфирде көрерменге ұсынылады. Апта сайын әртүрлі бағыттағы 35-тен астам бағдарлама дайындалады. Өзіндік өнімнің үлесі 67 пайыз.
Телеарна эфирінде «Өмірдің өзі…», «Өзекжарды», «Ұлт саулығы», «Қайырлы күн, Қызылорда!», «Анықтаймыз», «Құдайы қонақ», «Қызық орда», «Параллель», «Пайдалы подкаст», «Үштаған» секілді жобалар тұрақты көрсетіліп келеді. Бұл бағдарламаларда қоғамдағы өзекті мәселелер көтеріліп, көрермен сұранысына сай сапалы әрі мазмұнды ақпарат, жан-жақты сараптамалар беріледі.
Бүгінде мұнда 71 кәсіби маман еңбек етеді. Ұжым өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани даму жолын жан-жақты насихаттауға өз үлесін қосып келеді.
Previous Post

«АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Next Post

«QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНА 35 ЖЫЛ: АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДАҒЫ АЙТУЛЫ БЕЛЕС

Next Post
«QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНА 35 ЖЫЛ: АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДАҒЫ АЙТУЛЫ БЕЛЕС

«QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНА 35 ЖЫЛ: АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДАҒЫ АЙТУЛЫ БЕЛЕС

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы Astana Hub INNO.Fest Qyzylorda «СЫР СУЫ» ФИЛИАЛЫ Абай Сейфуллаұлы Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ана-әлемнің бесігі Ардақ Зебешев Ардақ Темірханұлы Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Дастан Мұхамедрахым Джо Хаттабқа (HATAB JEHAD JAMAL TAWFIQ) Жанерке Жақсылық Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Марат Дүйсенбаев Мағжан Мәдиев Мақсұт Нәлібаев Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұржан Ахатов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Таза Қазақстан Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы Шиелі Қайрат Нұртай Қайсар Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы Әмиша Ержан Шынтемірұлы өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ – 2026» ӨҢІРЛІК КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ ӨТТІ
  • КӘСІБИ МЕРЕКЕДЕ ӨҢІРЛІК БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
  • «ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТАУ» БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
  • АКТИВ ОТЫРЫСЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.