Вторник, 31 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат

ОБЛЫС ӘКІМІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БҰҰ ӘЙЕЛДЕРІ КООРДИНАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық Азиядағы және Қазақстандағы БҰҰ әйелдері координациялық кеңесінің басшысы Джерен Гювен Гюрешпен кездесті.

Zhuzbai by Zhuzbai
13.03.2026
in Ақпарат
0
ОБЛЫС ӘКІМІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БҰҰ ӘЙЕЛДЕРІ КООРДИНАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
0
БӨЛІСУЛЕР
0
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Кездесуде елімізде ерлер мен әйелдерге тең мүмкіндік берілгені, отбасы құндылықтарын сақтау мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі екені айтылды.
«Қазақстан он бес жылдан астам уақыттан бері Біріккен Ұлттар ұйымының Әйелдер ұйымымен ашық әрі сенімді серіктес болып, өзара қарым-қатынасты дамытып келеді.
Өзіңізге белгілі, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған республикалық референдум өткізу жөнінде Жарлыққа қол қойды. Бұл – еліміздің кемел келешегі үшін өз таңдауымызды жасап, қастерлі Отанымыздың берік негізін қалауға берілген тарихи мүмкіндік.
Жаңа Ата Заңның жобасында неке ер адам мен әйел адамның ерікті және тең құқықты одағы екені нақтыланған. Бұл шешім дәстүрлі құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға, әйелдер құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Аймағымызда отбасы институтын дамыту, аналарды әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар нәтижелі іске асырылуда. Соңғы екі жыл қатарынан «Анаға тағзым» республикалық форумы өткізіліп келеді. Оған ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Балаева Аида Ғалымқызы, республиканың барлық аймағынан делегаттар қатысып, дәстүрлі тәжірибе алаңына айналды. Форум биыл да ұйымдастырылады.
Қызылорда облысының әкімдігі ашық диалогқа, халықаралық әріптестік байланыстарға әрдайым дайын екенін мәлімдеймін», – деді Н.Нәлібаев.
Өз кезегінде Джерен Гювен Гюреш бірлесіп жұмыс атқару ниетін білдіріп, алдағы жоспарларын бөлісті.
Айта кетейік, бүгінде өңір халқының саны 845 135 адам, оның 419 819-ы, яғни 49,6%-ы – әйелдер. Қалалық жерде 185 мың, ауылдарда 230 мыңнан астам әйел тұрады.
Облыста 160 мыңнан астам отбасы болса, оның 48 мыңнан астамы көпбалалылар, 17 мыңға жуық «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері бар.
Мемлекеттік қызметшілердің 45,4 пайызы, медицина қызметкерлерінің 88,1 пайызы, педагогтердің 78,3 пайызы, жалпы бюджеттік салада жұмыс істейтіндердің 62 пайызы, шағын және орта бизнестегілердің 55 пайызы – қыз-келіншектер.
Координациялық кеңес басшысының Сыр өңіріне сапары аясында маңызды іс-шаралар ұйымдастырылады.
Previous Post

Қызылорда облысының әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Next Post

АЙМАҚ БАСШЫСЫ REINKE MANUFACTURING КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post
АЙМАҚ БАСШЫСЫ REINKE MANUFACTURING КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ REINKE MANUFACTURING КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ана-әлемнің бесігі Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Марат Дүйсенбаев Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Таза Қазақстан Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы дроппер. жылу интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЙТА САЛЫНҒАН ПРЕЗИДЕНТ ПАРКІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 400 ПӘТЕРЛІК 10 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ «ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.