Вторник, 31 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ «АНА – ӘЛЕМНІҢ БЕСІГІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Өнер орталығында» 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – әлемнің бесігі» атты салтанатты шара өтті. Аймақ басшысы аналар мен қыз-келіншектерді көктемнің көркем мерекесімен құттықтады.

Zhuzbai by Zhuzbai
07.03.2026
in Мәдениет
0
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ «АНА – ӘЛЕМНІҢ БЕСІГІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
0
БӨЛІСУЛЕР
0
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
«Президентіміз «Әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі және мемлекетті жан-жақты дамыту ісіндегі рөлі орасан зор. Қыз-келіншектер өндірісте, шығармашылық жолында, саясат, бизнес және басқа да көптеген салада биік белестерді бағындырып келеді», – деген болатын.
Тәуелсіз Қазақстанның толағай табыстары мен
Сыр өңірінің бүгінгі жетістіктерінің барлығында әйелдер қауымының өз қолтаңбалары бар.
Аналарымыздың рухынан күш, ұлағатынан тәлім алған аруларымыз бүгінде экономикамыздың барлық саласында табысты еңбек етеді.
Облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің 45 пайызы, медицина қызметкерлерінің 88 пайызы, ұлағатты ұстаздардың 78 пайызы, жалпы бюджеттік саланың 62 пайызы, шағын және орта бизнесте еңбек ететіндердің 55 пайызы қыз-келіншектер.
Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне қосқан елеулі еңбектеріңіз үшін Сіздерге барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін. Біз, ер-азаматтар Сіздерді жоғары бағалаймыз, құрметтеп, қадірлейміз. Нәзік жандарға деген біздің ықыласымыз, ниет-тілегіміз әрдайым ерекше.
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген ардақты аналарымыз ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беріп келеді. Алдағы уақытта да ұлтымыздың баянды болашағы жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін!»,
– деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Салтанатты шарада шуақты мереке қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған қызылоралық әйел-аналарға марапаттары табысталды. Сонымен қатар, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты мереке иелерінің мерейін асырды. Айта кетейік, Ақордада өткен қабылдауда «Қызылорда» телеарнасының бас редакторы Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы «Ерен еңбегі үшін» медалін Мемлекет басшысының қолынан алды.
Бұл – Сыр өңіріндегі іскер әйелдер қауымының адал еңбегіне берілген лайықты баға.
Аймақта 48 мыңнан астам көпбалалы отбасы болса, оның 17 мыңға жуығы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. Алтын құрсақты аналар демографиялық ахуалды жақсартуға зор үлес қосып келеді. Өңірде отбасы институтын дамыту және аналарды әлеуметтік қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Белгілі кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен «Анаға тағзым» орталығы салынған. Орталықта екі жылдың ішінде 40 мыңға жуық ана мен қыз-келіншекке қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, кейінгі жылдары бой көтерген «Отбасы орталығында» болашақта шаңырақ көтеретін жастар мен жас отбасыларға психологиялық және құқықтық кеңестер беріліп, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Облыстағы барлық 7 ауданда заманауи үлгідегі «Руханият орталықтары» салынып, пайдалануға берілді. Аталған орталықтарда музей мен кітапхана жұмыс істейді.
Айта кету керек, өңірде соңғы екі жыл қатарынан «Анаға тағзым» республикалық форумы өткізіліп келеді.
Tags: Ана-әлемнің бесігіҚызылордаМарат ДүйсенбаевНұрлыбек Машбекұлы НәлібаевТұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы
Previous Post

ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ

Next Post

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ана-әлемнің бесігі Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Марат Дүйсенбаев Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Таза Қазақстан Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы дроппер. жылу интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЙТА САЛЫНҒАН ПРЕЗИДЕНТ ПАРКІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 400 ПӘТЕРЛІК 10 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ «ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.