Пятница, 6 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Табиғат

КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде көктемгі егіске дайындық мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысып, баяндама жасады.

Zhuzbai by Zhuzbai
24.02.2026
in Табиғат
0
КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
«Биыл Қызылорда облысында 185 800 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Мемлекет басшысының суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру тапсырмасына сәйкес, күріш көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10 900 гектарға азайтылды. Осылайша, соңғы төрт жылда күріш көлемі 19 мың гектарға немесе 21%-ға қысқарды.
Оның орнына егісті әртараптандыру мақсатында суды аз қажет ететін дақылдар егу көзделуде. Су ресурстарын тиімді пайдалану, шығынды азайту үшін үнемдеу технологиялары кеңінен енгізілуде. Өткен жылы тамшылатып, жаңбырлатып суару әдісімен 8 100 гектар егін егілсе, биыл
16 700 гектарға жеткізу межеленген. Оған қоса 60 мың гектар күріш алқаптары лазерлік тегістеуден өткізілді. Биыл бұл көрсеткіш 65 мың гектарға жеткізіледі.
Бүгінде шаруашылықтар тұқыммен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Қажетті 65 600 тонна тыңайтқыштың 18 500 тоннасы сатып алынды. Егін егуге қатысатын 3975 ауыл шаруашылығы техникасының 90 пайызы жөндеуден өткізілді. Қалғаны 1 наурызға дейін толық дайын болады. Энергетика министрлігі көктемгі егіске 10 100 тонна дизель бөлді. Ол шаруаларға кестеге сәйкес таратылады.
Ерте егілетін дақылдар наурыз айының бірінші онкүндігінде себіледі, күріш егісі сәуір айының үшінші онкүндігінде басталады. Жоспарланған егіс көлемі Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы отырысынан кейін қайта нақтыланады», – деді аймақ басшысы.
Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте осы және өзге де мәселелер жан-жақты талқыланып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Қазіргі таңда су ресурстарының тапшылығы жаһандық деңгейдегі ең өзекті мәселелердің біріне айналғаны белгілі. Мемлекет басшысы су ресурстарын тиімді пайдалану, үнемдеу технологияларын енгізу және су жүйелерін цифрландыру жұмыстарына ерекше мән береді.
«Су лимитіне сәйкес жоспарланған көлемнен артық бірде-бір гектар жерге егін егілмеуі тиіс. Бұл мәселені қатаң бақылауға алу қажет, себебі ол Үкіметтің ерекше назарында. Судың магистральді және шаруашылықаралық каналдар арқылы егіс алқаптарына жеткізілуіне, ауыспалы егіс тәртібінің сақталуына тұрақты мониторинг ұйымдастырылсын», – деді Н.Нәлібаев.
Аймақ басшысы көктемгі мұз жүру кезінде су алу қаупі бар тұстардағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, Қармақшы, Қазалы және Арал аудандарының әкімдіктеріне облыстық төтенше жағдайлар департаментімен және «Қазсушар» Қызылорда филиалымен бірлесіп, өзен арнасына тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды, мұздың өту барысын тұрақты бақылауды тапсырды.
Previous Post

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

АРДАГЕРЛЕР ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

Next Post
АРДАГЕРЛЕР ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

АРДАГЕРЛЕР ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • ӨҢІРЛЕРДІҢ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • ЖЕКЕ МЕКТЕП ҒИМАРАТЫН ОБЛЫСТЫҚ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІККЕ БЕРУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
  • ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ
  • АЙМАҚ БАСШЫСЫ «АТАМЕКЕН» ҰКП ТӨРАЛҚА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.