Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Шара барысында боздақтардың ерлігі, от пен оқтың ортасындағы табандылығы, жауынгерлік бауырмалдығы ерекше атап өтілді. Олардың қайсарлығы мен Отан алдындағы адалдығы – бүгінгі ұрпаққа үлгі. Батырлардың есімі ел жадында мәңгі сақталып, ерлігі ешқашан ұмытылмайтыны айтылды.
Жиналғандар жат жерде қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Еске алу митингінде сөз алған қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов ардагерлерге құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Шәменов Ауған жерінде от кешкен жауынгерлердің ерлігі – ел тарихындағы өшпес парақ екенін жеткізді.
Бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын мұндай шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде айрықша мәнге ие.

