Вторник, 10 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Қызылордада жаңа емханалар мен перинаталдық орталық салынады

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордада жаңадан салынатын нысандардың құрылыс алаңына барды. Аймақта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған кешенді шаралар нәтижелі жүзеге асуда. Бұл шаралардың басты мақсаты – халықтың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыру.

Zhuzbai by Zhuzbai
03.02.2026
in Денсаулық
0
Қызылордада жаңа емханалар мен перинаталдық орталық салынады

Screenshot

0
БӨЛІСУЛЕР
0
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу
Фото:Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Облыс орталығында, нақтырақ айтқанда Президент паркі аумағында 48,5 млрд теңгеге 200 орындық перинаталдық орталық пен сол жағалауда 14,78 млрд теңгеге 500 орындық емхананың құрылысы басталады. Болашақ перинаталдық орталық ана мен балаға мамандандырылған заманауи медициналық көмек көрсетеді. Орталықта қабылдау-қарау, стационарлық, диагностикалық, операциялық, реанимациялық және әкімшілік бөлімдер болады. Сондай-ақ, жерасты өткелі арқылы байланысқан жеке зертхана ғимараты мен ас блогы қарастырылған.
Медициналық мекеме жүкті әйелдерге, босанушыларға және жаңа туған нәрестелерге арналған стационарлық бөлімдер, операциялық блок, реанимация, зертханалар және инженерлік-қызметтік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіледі. Жобалық шешімдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен заманауи медициналық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Ал 500 орындық емхана – тұрғындарға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық медициналық көмек көрсететін көпсалалы мекеме. Нысан сол жағалау аумағында бой көтереді. Мұнда жалпы және акушерлік-гинекологиялық тіркеу, педиатрия, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек, профилактика және мектеп медицинасы бөлімдері қарастырылған. Сондай-ақ 50 төсектік күндізгі стационар, дәрілік қамтамасыз ету, орталық стерилизация, кір жуу орны, медициналық қалдықтарды сақтау, оқу кабинеттері, 50 орындық аудитория, 200 орындық конференц-зал және инженерлік-техникалық инфрақұрылым бар.
Бұдан бөлек, Қызылорда қаласындағы Титов мөлтек ауданында 10 млрд теңгеге 400 орындық емхананың құрылысы басталады. Жаңа ғимаратта балалар мен ересектерге арналған емдеу-профилактикалық бөлімшелер, күндізгі стационар, функционалдық диагностика, стоматология, әйелдер консультациясы, бейінді мамандар кабинеттері, әкімшілік және клиникалық-диагностикалық зертхана орналасады.
Previous Post

Қызылордада жаңа кітапхана мен драма театр салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қызылордада жаңа емханалар мен перинаталдық орталық салынады
  • Қызылордада жаңа кітапхана мен драма театр салынады
  • КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.