Вторник, 10 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ӘЛЕУЕТІН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Ғылым академиясының ғылыми жобаларын іске асыру, оның әлеуетін экономика мен өңірлердің түрлі салаларын дамытуға тарту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Күн тәртібінде басымдықтарды анықтаудағы жаңа тәсілдер, өңірлік ғылымды дамыту жайы талқыланды.

Zhuzbai by Zhuzbai
02.02.2026
in Ақпарат
0
ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ӘЛЕУЕТІН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев кеңеске селекторлық режим арқылы қатысты. Одан кейін арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.
«Президентіміздің ұсынысымен өңірімізде өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысы тарихи миссиясы айрықша мазмұнға ие алқалы жиын болды. Құрылтайда еліміздің келешек бағдары айқындалып, қоғамдағы ең өзекті мәселелер ашық талқыланды.
Мемлекет басшымыздың бұған дейінгі ауқымды саяси реформаларының жалғасы ретінде Конституциялық, Парламенттік және мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалар туралы бастамалар көтерілді.
Өткен аптада Астана қаласында Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Ата Заңға енгізілетін түзетулер талқыланып, жаңа Конституция жобасы ұсынылды.
Өзгерістер негізінен биліктің құрылымдарын қайта қарауды, адам құқықтарын күшейтуді, мемлекеттік басқарудың жаңа институттарын енгізуді қамтыды. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған.

   
Президентіміз Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес отырысында ғылым мен технологияның стратегиялық маңызын ерекше атап, өңірлерде әкімдіктер жанынан ғылыми кеңестер құруды тапсырған болатын. Аталған бастама өңірлік ғылымды дамытуға, жаңа ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жаңа серпін береді және бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуіміз қажет.
Ғылым мен өндірістің өзара байланысын күшейту, өңірдің салалық ерекшелігіне сәйкес қолданбалы зерттеулер санын арттыру, жас ғалымдарды тартуды кешенді түрде ұйымдастыру керек. Ғылыми зерттеулер мен жобалар өңір экономикасының түрлі салаларын одан әрі дамытуға, тиімділігін арттыруға бағытталуы тиіс», – деді Н.Нәлібаев.
Президент тапсырмасына сәйкес, өңірде ғылыми-зерттеу ұйымдарын экономиканың түрлі салаларын дамытуға тартуда тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Негізгі 3 жоғары оқу орны, атап айтсақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Қызылорда Болашақ» университеті мен Қызылорда Ашық университетінде 791 профессор-оқытушы бар. Соңғы бес жылда білім алушылар саны 32%-ға артқан,қазір 20 мыңға жуық (19 720) студент оқиды.
Үздік шетелдік университеттер филиалын ашу туралы Президент тапсырмасы орындалды. Қорқыт ата университеті базасында Кореяның СеулТех университетінің филиалы ашылды.Қазіргі таңда қос дипломды, бірлескен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және информатика жоғары мектебінде 4 білім беру бағдарламасы бойынша 240 студент заманауи зертханаларда бірнеше тілде оқиды. Алдағы уақытта жоғары білікті кадрлар облыстың ғана емес, еліміздің ІТ саласын дамытуға, экономикаға жасанды интеллект пен озық технологияларды енгізуге үлес қосады.
Ғылымды дамытуда 2023 жылдан бері гранттық және бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру механизмі арқылы 23 ғылыми жоба жүзеге асырылуда.Одан бөлек, Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында 7 ғылыми жоба қолға алынды.Институт базасында өңірдің топырақ-климаттық ерекшеліктеріне бейімделген дәнді дақылдардың жаңа сорттарын шығару, су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері жан-жақты зерттеліп келеді.
Аймақта ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен 9 кәсіпорын айналысады, 400-ден аса қызметкер жұмыспен қамтылған. Аталған компаниялар 2024 жылы ғылыми жұмыстарға 1 млрд. 300 млн. теңге қаржы бөлген. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда бес есе артты.
Әкімдік жанынан ғылыми кеңес құрылып, жұмыс жоспары бекітілді.2026-2030 жылдарға арналған облыстың даму жоспарына «Жалпы өңірлік өнімдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары шығындарының үлесі» көрсеткіші енгізілді. Қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру үшін тиісті қаражат бөлу мәселесі де басты назарда.

Previous Post

HARVEST AGRO компаниясы Қызылорда облысында ірі инвестициялық жобаны іске асыруда

Next Post

ҚЫЗЫЛОРДАДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Next Post
ҚЫЗЫЛОРДАДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қызылордада жаңа емханалар мен перинаталдық орталық салынады
  • Қызылордада жаңа кітапхана мен драма театр салынады
  • КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.