Четверг, 8 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

Кейден ауылында жаңа күрес залы пайдалануға берілді

Жаңа спорт нысаны ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына және кәсіби спортқа қадам басуына жол ашады. Соңғы жылдары өңірде спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, заманауи кешендер ел игілігіне берілуде. Бұл бастамалар жастар әлеуетін арттырып, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге негіз болмақ.

Zhuzbai by Zhuzbai
27.12.2025
in Спорт
0
Кейден ауылында жаңа күрес залы пайдалануға берілді
0
БӨЛІСУЛЕР
1
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жаңақорған ауданының Кейден ауылында жастардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін, заманауи талаптарға сай жаңа күрес залы ашылды.
Оған облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, зиялы қауым өкілдері, аудан спортшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары жиналған қауымды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, аймақтың спорт саласындағы жетістіктерді атап өтті.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы спортты дамыту ұлт саулығының кепілі екенін үнемі айтып келеді. Осы бағытта елімізде, оның ішінде аймағымызда да спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен кейінгі 3 жылда 21 спорт кешені бой көтеріп, ел игілігіне табысталды. Биыл Қызылорда қаласында 11 мың орындық жаңа стадион пайдалануға берілді. УЕФА-ның 4-санатты сертификатын алған заманауи нысанда ауқымды спорттық шараларды өткізуге барлық мүмкіндік қарастырылған.
Сондай-ақ, облыс орталығындағы ірі жобалардың бірі — «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы.
Атап өту қажет, Жаңақорған ауданында соңғы жылдары 15 жаңа спорт нысаны іске қосылған. Осындай игіліктердің жалғасы ретінде бүгін міне, тағы бір спорт нысанының ашылуында бас қостық.
Жаңа күрес залы ауыл жастарының үлкен спортқа жолын ашып, осы жерден болашақта ел намысын қорғайтын чемпиондар шығады деп сенеміз.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Алдағы Жаңа жыл әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен жақсылық әкелсін!”,- деді Ардақ Темірханұлы.
Жиында ауданның әлеуметтік — экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен күрес залын салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Бақытұлы сөз сөйлеп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Исабекұлы батасын берді.
Құрылысына 114 млн 400 мың теңге бөлінген нысан 50 балаға арналған. Жаттығу залы, дәрігерлер мен жаттықтырушыларға арналған қызметтік бөлмелер қарастырылған. Қолданыстағы талаптарға сай заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бұл балалардың қауіпсіз әрі жүйелі түрде спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Жаңақорған ауданында «СКЗ-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күкірт қышқылы зауыты қызметкерлеріне арналған спорт залы пайдалануға берілді.
Атап өту қажет, Қызылорда қаласындағы «Достық үйінің» жаңа ғимараты да ұлттық атом компаниясының демеушілігімен салынуда.
Previous Post

«Orda school» мектебін мемлекеттік меншікке алу бойынша меморандумға қол қойылды

Next Post

Қызылордада заманауи жиһаз фабрикасы ашылды

Next Post
Қызылордада заманауи жиһаз фабрикасы ашылды

Қызылордада заманауи жиһаз фабрикасы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды
  • Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.