Среда, 7 января, 2026
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Login
100bai.kz
No Result
View All Result
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
100bai.kz
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика
No Result
View All Result
100bai.kz
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Ұлағатты жолдың өнегелі тәмамы: Гауһар Рүстемқызын құрметпен шығарып салу кеші

Парасат пен жауапкершілікті қатар ұстаған білікті басшының абыройлы еңбегі – ұжымға да, шәкіртке де айқын үлгі. Зейнетке шығарып салу шарасы Гауһар Рүстемқызының мектебіне қалдырған мол мұрасы мен адами болмысына арналған жүрекжарды лебіздерге толы болды. Еңбекпен өрілген жолдың әр белесі бүгін құрметке лайықты деңгейде бағаланды.

Zhuzbai by Zhuzbai
14.11.2025
in Білім, Ақпарат
0
Ұлағатты жолдың өнегелі тәмамы: Гауһар Рүстемқызын құрметпен шығарып салу кеші
0
БӨЛІСУЛЕР
25
ҚАРАУЛАР
Facebook-ке бөлісуВацапқа бөлісу

Өмірін өскелең ұрпақ тәрбиесіне арнап, мектептің дамуына зор үлес қосқан тәжірибелі басшы — Молдабаева Гауһар Рүстемқызын зейнетке шығарып салу кеші ерекше ілтипатпен аталып өтті. Жылдар бойғы жауапкершілік пен табандылықтың жемісі ретінде ұжымның ыстық алғысы мен құрметі айрықша көрініс тапты.

Шара барысында Гауһар Рүстемқызының ұзақ жылдық еңбек жолы мен білім саласына қосқан үлесі кеңінен айтылды.

Гауһар Рүстемқызы өзінің еңбек жолын Сырдария аудандық оқушылар сарайында меңгеруші қызметінен бастап, ұстаздық қызметін Ж. Махамбетов атындағы №43 орта мектебінде жалғастырды. 2005-2014 жылдары Ә. Құдабаев атындағы №197 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2014 жылдан бастап аталмыш мектептің директоры болды. 2015-2022 жылдары Б. Ермекбаев атындағы №271 орта мектептің директоры қызметін атқарса, 2022 жылдан бастап батыр есімі берілген іргелі білім ұясы – №43 орта мектептің директоры болып абыройлы еңбек етті.

Кәсіби жолындағы адалдығы мен жауапкершілігі үшін Г. Рүстемқызы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының төсбелгісімен, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Оның басшылығымен №43 орта мектеп ұжымы «Ынтымағы жарасқан ұжым» номинациясының иегері атанды.

Әріптестері Гауһар Рүстемқызының еңбекқорлығын, басқарушылық қабілетін ерекше атап өтті. Бұрын бірге еңбек еткен ұжымдастары оның жастық шағында Сырдария ауданындағы тынығу лагерін басқарғанын, сол кезеңнен бастап-ақ көшбасшылық қабілетінің айқын байқалғанын жылы естелік ретінде бөлісті.

Шараға №43 орта мектеп ұжымымен қатар Г. Рүстемқызының отбасы мүшелері, бұрын қызмет атқарған мектеп ұжымдары, Қызылорда қаласының білім басқармасы басшылығы, сондай-ақ Қызылорда қаласының құрметті азаматы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Гауһар Рүстемқызының бауыры — Ж. Таңрықбаев қатысты.

 

Кеш соңында сөз алған әріптестері Гауһар Рүстемқызының адамгершілігін, парасаттылығын, талапшылдығын және ұжымдық мәдениетті қалыптастыруға қосқан өлшеусіз үлесін айрықша атап өтті. Ұстаздықты абыройымен атқарып, басшылық қызметте биік жауапкершілікті арқалаған жанның өмірлік жолы кейінгі буынға үлгі екені айтылды.

Ұстаздық — жүрек жылуын аямай, білім мен тәрбие берудің ең қасиетті жолы. Әр шәкіртінің жетістігімен қуанып, әр бастамасына күш-қуат беруге дайын болу – тек нағыз жанкешті педагогқа тән қасиет. Осындай жоғары адамгершілік пен ұлағатты ұстанымдарды өмір бойы серік еткен Гауһар Рүстемқызының еңбегі мектеп тарихында да, жүректерде де мәңгі сақталмақ.

Tags: 43 орта мектебіҚызылордаМолдабаева Гауһар Рүстемқызы
Previous Post

Сыр елі Мұхтар Құл-Мұхаммедке құрмет көрсетті

Next Post

Тұрғындардың талап-тілегі әкімдік бақылауында

Next Post
Тұрғындардың талап-тілегі әкімдік бақылауында

Тұрғындардың талап-тілегі әкімдік бақылауында

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

No Content Available

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

ТАҚЫРЫПТАР

"Абай" операсы "Аңсаған сәби" бағдарламасы INNO.Fest Qyzylorda Абай Құнанбайұлы Алия Сламжанқызы Ардақ Зебешев Бақыт Нұртазаев Бейбіткүл Каримова Бестам ауылы Гүлсім Жұмағалиқызы Данияр Жаналинов Еркін Әуелбеков Жасанды интеллект Жаңақорған Жезқазған Жұлдыз Сүлейменова Мақсұт Нәлібаев Мұрат Ергешбаев Мұрат Тлеумбетов Мұрат Әбенов Нұркен Бақытбекұлы Нұрлыбек Нәлібаев Олжас Искаков Руслан Рүстемов Садық Мұстафа Сырдария ауданы Таза Қазақстан Шаған ауылы Шиелі Шиелі ауданы вокзал жылу зауыт интернет алаяқтары кәсіп табиғи газ қосу түнгі қала экология ғылыми-танымдық конференция ҚАЖД Қанағат Сақтағанов Қызылорда Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы қалдықтар өнер орталығы
100bai.kz

100bai ақпараттық агенттігі

Яндекс.Метрика

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қоғамдық даму басқармасы жылды қорытындылады
  • 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды
  • Азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда
  • Қызылордада заманауи жиһаз фабрикасы ашылды

САНАТТАР

  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Facebook Instagram Telegram YouTube WhatsApp
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Welcome Back!

Sign In with Google
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Ақпарат
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Билік
  • Білім
  • Денсаулық
  • Кәсіп
  • Құқық
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Спорт
  • Табиғат
  • Экономика

© 2025 100bai — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.